Мәдениет министрлігі қазақ анимациясы мәселесіне қатысты депутаттық сауалға жауап берді

Маусым айының басында депутат Наурыз Сайлаубай Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Қыдырәлі мен Мәдениет және спорт министрі А.Ораловтың атына қазақша мультфильмдердің жеткіліксіздігіне әрі шетелдік анимациямен бәсекеге түсе алмай жатқанына қатысты депутаттық сауал жолдаған болатын.

"Танымдық, философиялық мәні мен заманауи элементтері бар қазақша анимациялық фильмдер әлі де жеткіліксіз. Кейбір анимациялар бала психологиясының қабылдауына күрделі болып, қоғам сынына да ұшыраған. Әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті боламыз десек, санға емес, сапаға жұмыс істейтін уақыт келді", - деген еді Наурыз Сайлаубай.

Себебі шексіз ғаламтор арқылы ақпараттың бәрін, соның ішінде мультфильмдерді талғамай тұтынып отырған балалардың тілі шұбарланып келе жатқанын тілге тиек еткен. «Балапан» арнасының да контенті 3 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға арналғанын, сәйкесінше 3 жасқа дейінгілер назардан тыс қалып жатқанын да атап өтті.

"Психологиясы қалыптасып үлгермеген олардың тілі шұбарланып келеді. Әліпті таяқ деп білмейтін, ойы бекімеген балалар, тіпті, қай сөз қай тілге тиесілі екенін ажыратпайды. Ойын жеткізу үшін бірнеше тілді араластырып қатар қолданады. Бұл дұрыс па? Қазіргі таңда республикамыздың аумағында 25 мультканал көрсетілсе, оның 24-і шетелдік арна. Әрбір ел жасаған өнімінде өзінің діліне, мәдениетіне, түсінік-танымына сай дүние ұсынады. Сәйкесінше, қазір балалардың лексиконында шетелдік мультфильмдерінің кейіпкерлері идеалға айналып отыр. Демек, қазақ анимациясы әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті бола алып жатыр ма? Мысалы, былтыр Ғали Мырзашев деген аниматор мультфильмге прототип ретінде Димаш Құдайбергенді алып, соның бейнесі арқылы ұлттық құндылықтарды көрсеткісі келген. Алайда отандық өнімге қаржының жоқтысы тұсау болған. Осы орайда, кейбір аниматорлар «Кинематография туралы» заңда мультфильм өндірісіне қатысты тармақтың жоқтығына, сол себепті бюджеттен бөлінетін қаражаттың да дұрыс реттелмей отырғанына қынжылады. Мультфильм киноға бөлінетін қаражаттың тасасында қалып қойып отыр. Яғни, мемлекеттен бөлінетін қаражаттың 80 пайызы ересектерге арналған кино еншісінде кетіп, балалар анимациялық фильміне бөлінетін қаражат халықаралық стандарттарға сай келмей жатқанын айтуда. Сондықтан кино мен мультфильмге қаражатты екі бөлек қарастыру керектігін жеткізді. Сондай-ақ, зейнеткер аниматор Ғали Мырзашев қазіргі Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» және кезіндегі «Союзмультфильм» киностудиялары сияқты жеке «Қазақмультфильмін» құрып, оған Әмен Хайдардың атын берген жөн, «Ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығы» сияқты «Балалар анимациялық фильмін қолдау қоры» болғаны абзал деген ұсынысын айтып отыр", - деді депутат.

Аталған мәселеге қатысты Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, Әмен Қайдаров негізін қалаған отандық анимация саласының алғашқы мультфильмі «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» 1967 жылы түсірілсе, сол жылдардан бері 200-ден астам анимациялық фильм жарыққа шыққан.

Министр Асхат Ораловтың депутат Н.Сайлаубайдың сауалына жауабында: «Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ 2009 жылдардан бері 50-ден аса анимациялық фильм шығарды. Оның ішінде: «Ер төстік және Айдаһар», «Қазақ Елі» «Күлтегін» 3D, «Мұзбалақ» 2D. Жалпы, отандық анимация өнері шетелде де үлкен сұранысқа ие. Сапасы жағынан батыстың фильмдерінен кем түспейтін мультфильмдер үнемі халықаралық фестивальдерге қатысып, жүлделі орындардан көрініп келеді. Биыл Германияда өткен 24-ші халықаралық балалар мен жасөспірімдерге арналған «Schlingel» фестивалінде «Мұзбалақ» толықметражды анимациялық фильмі сыншылардың жоғары бағасын алып, «Үздік анимациялық фильм» жүлдесіне ие болды. Ал 2022 жылы «Сауға», «Тайқазан хикаясы», «Жошы», «Бұйрабас», «Амен аға ағашы» деп аталатын 5 анимациялық фильмінің өндірісі аяқталды. Отандық анимацияны мемлекеттік қолдау мақсатында 2022 жылы «Ұлттық рухани жанғыру» ұлттық жобасы аясында өскелең ұрпақтың патриоттық және рухани тәрбиесіне ықпал ететін балалар үшін сапалы отандық анимациялық киноны дамыту және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Сервистік компания ретінде «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі құрылды. Жоба аясында 150-ден астам Қазақстанның шығармашылық жоғарғы оқу орындарының студенттері мен анимация саласының мамандар арнайы шетелдік анимация саласының жетекші мамандарының тәжірибелік сабақтары мен мастер-кластарынан өтті. Нәтижесінде, 20 есептік анимациялық жобалар жарыққа шықты", -деп жазылған.

Сонымен қатар, бюджет қаражатының жалпы көлемінің шамамен 70 пайызы бәсекелестік ортаға, конкурстық негізде анимациялық киностудияларға және отандық анимациялық студияларды дамыту үшін олардың пилоттық анимациялық жобаларын қаржыландыруға жіберілетінін атап өтті.

ЖСДП баспасөз қызметі

Смотрите также:
Депутатские запросы
02.05.2024
Наурыз Сайлаубайдың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ауыл шаруашылығы техникасы бағасының өсуіне қатысты жолдаған депутаттық сау
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы
13.03.2024
Біздің депутаттық сауал Премьер-Министр О.А.Бектеновке
13.03.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-министру О.А.Бектенову
31.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал
31.01.2024
Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Министру просвещения РК Гани Бейсембаеву
24.01.2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Р. СКЛЯРҒА ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
17.01.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Министру труда и социальной защиты населения РК Жакуповой С. К.