«Құрылыс және сейсмикалық қауіп-қатер тәуекелдері мәселесі» 04.03.2023 ж. Алматы қ.
Біз – «Құрылыс және сейсмикалық қауіп-қатер тәуекелдері мәселесі» митингісіне қатысушылар:
-
қаладағы құрылысқа қатысты қалыптасқан жағдайларды назарға ала отырып;
-
сейсмикалық қауіпті аймақта үй салу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын түйсіне отырып;
-
ықтимал табиғи апат кезінде негізсіз әрі бекерден бекер адам шығынына ұрындырушы сыбайлас жемқорлық сынды қазіргі жағдайға төзгіміз келмегендіктен:
-
Қаланың бас жоспарын қайта қарап, салынатын құрылыстар тығыздығының көрсеткішін төмендетуді;
-
Мердігерлік құрылыс ұйымдарына инженерлердің біліктілігі, материалдық базасы және олар салған үйлердің сапасы тұрғысынан ревизия жүргізуді;
-
Жауапсыз (жосықсыз) мердігер компанияларға құрылыс лицензияларын берген шенеуніктерді жауапқа тартуды;
-
Құрылысқа жер телімдерін заңсыз беру фактілерін тексеріп, ал кінәлілерді қатаң заң шеңберінде соттауды; сыбайлас жемқорларды түрмеге тоғытуды;
-
Үкіметтен сейсмикалық қауіп-қатер тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік беретін, құрылыста осы сипаттағы дамыған технологиялар белсенді енгізіліп жатқан Жапонияны бағдарға ала отырып, шетелде мамандар даярлау бойынша гранттардың бағдарламаларын әзірлеуді
ТАЛАП ЕТЕМІЗ!