Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы еліміз бойынша үздік әлеуметтік бастамаларға байқау жариялады.
Біз сіздермен бірге арамызда ерекше қажеттіліктері бар жандардың шексіз қабілеттерін, олардың шығармашылығы мен үміттері, ұмтылыстары жайында және оларға қамқорлық танытып, сол жандармен жұмыс істейтін алтын жүректі азаматтарды тапқымыз келеді.
Байқауға ерекше қажеттіліктері бар адамдармен жұмыс істейтін кез келген жеке тұлға, мекеме немесе ҮЕҰ қатыса алады.
Сіз ерекше қажеттіліктері бар қазақстандықтардың өмірін жақсартуға, білім мен дағдыларды оңалуға, шығармашылық әлеуетін іске асыруға немесе құқықтарын қорғауға көмектесесіз бе? Онда ЖСДП байқауына қатысып, өз тәжірибеңізді бүкіл әлеммен бөлісіңіз!
Ол үшін, өзіңіздіңдің немесе ұйымның қызметі немесе ерекше қажеттіліктері бар адамдармен жұмыс жасайтын жобалар туралы қысқаша бейне түсіріп, оны Instagram-парақшасында жарияласаңыз болғаны.
Конкурс 2024 жылдың 15 қарашасында басталады.Өтінімдер 2024 жылдың 30 қарашасына дейін қабылданады.
Жеңімпаздар 13 желтоқсанда Инклюзивті қоғам мәселелері жөніндегі ҮЕҰ-ның ІІ республикалық слетінде жарияланады.
Байқау туралы қосымша ақпарат төменде
ЕРЕЖЕ ЖСДП үздік әлеуметтік бастамалар байқауын өткізу туралы
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже конкурсты ұйымдастырудың мақсаттарын, міндеттерін, тәртібі мен шарттарын, мерзімдерін және қатысу талаптарын айқындайды.
2. Конкурстың мақсаты мен міндеттері
2.1. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік оңалтуға және бейімдеуге жәрдемдесу, шығармашылық белсенділікті ынталандыру мен қолдау арқылы олардың мүмкіндіктерін жүзеге асыру жолдарын кеңейту. Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың мәселелері туралы қоғам назарын аудару.
2.2. Мүмкіндігі шектеулі жандардың түрлі жобалары, байқауға қатысушылардың эмоционалды сезімі, толеранттылығы және көркемдік талғамын анықтау.
2.3. Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың және олармен жұмыс істейтін тұлғалар мен мамандардың шығармашылық нәтижелері туралы қоғамда жағымды пікір қалыптастыру.
3. Конкурсты ұйымдастырушылар.
3.1. Конкурсты ұйымдастыруды мен өткізуді басшылыққа алатын, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (бұдан әрі – ЖСДП). 3.2. Барлық сұрақтар бойынша сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін хабарласуға болады. (What’s App) 8-701-37-67-039 (Айнур).
4. Конкурсқа қатысушылар
4.1. Конкурсқа мүмкіндігі шектеулі жандармен тікелей жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдар (ҮЕҰ, қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар, волонтерлар, жеке әлеуметтік көмекшілер) қатысады.
5. Конкурсқа қатысу шарттары.
5.1. Байқау онлайн түрде өтеді. Байқауға қатысу үшін Osdp.center.kz@gmail.com электрондық пошта мекен жайына электронды түрде өтінімді (1-қосымша) беріп, Google электрондық кестесін толтыру қажет. https://docs.google.com/spreadsheets/d/1VX2iJz5blKJFF8m2J1JY9iWik3ENDiw9KkkgqhgI1nI/edit?usp=sharing
5.2. Байқауға қатысу үшін жоғарыда көрсетілген мекеме не жеке тұлға атынан өздерінің қызметі туралы, не тәжірибесі, ерекше қажеттіліктері бар адамдармен жұмыс жасау жобалары туралы ақпаратты қамтитын бейнероликті дайындау міндетті. Ұзақтығы 3 минуттан аспауы керек. Сонымен қатар бұл бейнені Instagram желісінде #ЖСДП инклюзия белгісімен жариялау қажет. Немесе instagram-да @osdp.kz- пен бірлескен авторлық болуы міндетті.
5.3. Қатысушылар портфолиосы. Конкурсқа қатысушының портфолиосы еркін тарапта электрондық нұсқада (PDF форматында) төмендегі мәліметтермен сәйкестендіріледі: 1-қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім, ұйым, қызметтің мақсаттары мен міндеттері, құрылған кезеңнен бергі қызметі туралы мәліметтер, қатысудағы мақсаты, жобалар, гранттар, зерттеулер, бастамалар және олардың орындалуы және т.б. ақпарат.
6. Конкурстың өтетін күні мен орны
6.1. Байқау ЖСДП-ның ресми парақшаларында және әлеуметтік желілерде өтеді. 6.2. Портфолиоңызды Telegram арнасына 8-701-37-67-039 және/немесе Osdp.center.kz@gmail.com электрондық поштасына жіберіңіз.
6.3. I кезең (2024 жылғы 15 қарашадан 30 қарашаға дейін) – конкурстық өтінімдерді және конкурстық құжаттарды белгіленген талаптарға сәйкестігі тексеріліп қабылданады. Бастапқы іріктеу.
II кезең (2024 жылдың 1 желтоқсанынан 10 желтоқсанына дейін) – жобаларды бағалау, жеңімпаздарды анықтау жұмыстары ұйымдастырылады.
6.4. Жеңімпаздар 13 желтоқсанда II Республикалық слетте марапатталады. Жұмыстар 2024 жылдың 30 қарашасына дейін қабылданады.
Анықтау ақпараты үшін: (What’s App) 8-701-37-67-039 (Айнур).
ЖСДП баспасөз қызметі