Жалпыұлтық социал-демократиялық партиясының беткеұстар азаматы болып жүрген құрметті Нұрлан Сатыбалдыұлы!
Сізді бүкіл партияластарымыздың атынан туған күніңізбен құттықтаймын! Әріптес, үзеңгілес, жақтас, рухтас ретінде сізге деген құрметіміз зор екенін атап өткім келеді. Осы қарқынымызбен талмай алға қарай қадам басып, жетістіктерді бірге бағындыра берейік!
Бүгінгі айтулы күнде Сізге шын жүректен мықты денсаулық, мерекелік күңіл-күй, сарқылмас бақыт, шалқыған шаттық, толағай табыс, отбасыңызға береке, ағайын-туысыңызға татулық пен бірлік тілейміз. Біздің де арамыздағы сыйластығымыз нығая түссін!
Осы уақытқа дейін атқарған мол еңбегіңіздің жемісін көріп, өмірдің қуанышты сәттеріне бөленіңіз.
Құрметпен, Жалпыұлтық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рақымжанов