Бүгін Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданы Қайназар ауылында кандидаттарымызбен өткен кездесу туралы жазған болатынбыз.
Кездесуден бөлек «Ең биік шыңдарды еңсереміз» атты іс-шара ұйымдастырылды. Оның барысында кандидаттар, партия белсенділері және ауыл тұрғындары ауыл маңындағы тауға шығып, еліміздің көк байрағы мен ЖСДП туын орнатты.
Кейін тау бөктерлеріндегі қоқысты жинап шықты: қоршаған ортаға деген махаббаттарын сөзбен емес, іспен дәлелдеді. Алдағы сайлауда жеңіске жетейік деген ниетпен «Жемқорлық», «Олигархат» және «Кедейшілік» деген жазулары бар қоқыс қаптарын қоқыс жәшіктеріне тастады.