Қостанай облысының оңтүстік өңірлері дамымай тұр

Еліміздің Солтүстік бөлігінде орналасқан Қостанай облысына қарасты Торғай, Жангелді, Амангелді, Арқалық өлкесінің әлеуметтік-экономикалық ахуалы алаңдатарлық жағдайда тұр. Қазақ елінде білім мен ғылымның атасы Ыбырай Алтынсарин, халқымыздың ғұлама ғалым-ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туып-өскен жері, тәуелсіздік жолындағы ғасырлыр бойы күрес өткерген өлке неге ғасыр көшінен кеш қалып отыр?

Қостанай облысының бұл оңтүстік бөлігі табиғи ресурстардың алуан түрлілігімен ерекшеленеді, бұл өңірдің экономикасын дамытуға септігін тигізе алады. Өңірдің даму перспективасы айтарлықтай жоғары. Облыс аумағы жер асты жер үсті кен байлықтарына бай (қорғасын, мыс, цинк, кадмий, алтын, күміс, қалайы). Яғни, осы орайда, шикізат пен кадрлық әлеуетті колданып, жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға болады.

Туризм саласында да айтарлықтай артықшылықтары бар. Торғай өлкесінің ыстық бұлақтары заманауи курорттар мен спа-орталықтарын құру үшін пайдалануға болатын бірегей табиғи ресурс. Термалды судың емдік қасиеттері мен Құмкешудың серуендейтін барқандары, тұзды Қаратұз көлі, судың температурасы 70 градусқа жететін Тентексайдың ыстық бұлағы бар. Бұл нысандардың арқасында тек Қазақстанның демалушыларының ғана емес, басқа елдерден де келетін туристердің қызығушылығы болатыны айқын. Алайда туризмді толыққанды дамыту және пайдалану үшін инфрақұрылым құру, кадрларды оқыту, инвестиция тарту және туристік өнімді нарықта ілгерілету бойынша кешенді жұмыс жүргізу қажет.

Қазіргі таңда өңір орасан ауылшаруашылық әлеуетке ие. Ауыл шаруашылығының деңгейі шағын және орта бизнесті қолдау, мемлекеттен жеңілдіктер мен субсидиялар беру, мамандарды оқыту, көлік және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту жолдары арқылы жоғарылауы тиіс.

Қостанай облысының оңтүстік өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туризмді дамытуды, табиғи ресурстарды пайдалануды, ауыл шаруашылығы мен шағын бизнесті қолдайтын әрі дамытатын кешенді жұмысты қажет етеді. Осы өңірлердің әлеуетін тиімді пайдалану тұрақты экономикалық өсуге және жергілікті халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді.

ЖСДП Қостанай облыстық филиалы

Смотрите также:
Депутатские запросы
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы
13.03.2024
Біздің депутаттық сауал Премьер-Министр О.А.Бектеновке
13.03.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-министру О.А.Бектенову
31.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал
31.01.2024
Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Министру просвещения РК Гани Бейсембаеву
24.01.2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Р. СКЛЯРҒА ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
17.01.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Министру труда и социальной защиты населения РК Жакуповой С. К.
27.12.2023
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Министру здравоохранения. Министру труда и социальной защиты