Депутаттық сауал Премьер-Министрдің орынбасары А.С. Көлгіновке Денсаулық сақтау министрі А.Ғ. Ғиниятқа

МӘМС тақырыбы бірнеше рет көтеріліп, оған әртүрлі бағалар берілгенімен, СДП-ның депутаттық фракциясы медициналық саладағы әділеттілікке қол жеткізу бүкіл қоғам үшін өте маңызды деп санайды.

Ceoworld журналының деректеріне сәйкес сапалы медицинамен қамтамасыз ету бойынша Қазақстан әлемдегі 89 елдің ішінде 82-ші орында.

Қазақстанда әрбір алтыншы адам МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр. Әрі басым көпшілігі – бұл ауыл тұрғындары.

Оларға медициналық қызмет көрсетуден бас тартылады, өйткені біздің азаматтарымыз ақшасы болмаса, өзінің туған елінде ешкімге керек емес. Ендігі мәселе – оны біз басқа сауалдарда да көтергенбіз – олигархтар ауыл тұрғындарын тонап, оларға ақыны тек малды бордақылауға жарайтын қалдықтармен төлей отырып, оларды жарлы етіп қалдырған пайшылар жүйесін кім құрғаны туралы. Бұл ретте осы адамдар іс жүзінде сол олигархқа тәуелді болып отыр – олар еңбек шартын рәсімдемей жұмыс істейді. Сондықтан оларды емханалар қабылдамайды, өйткені олар үшін медициналық сақтандыру қорына ешкім қаражат аудармайды.

Ал енді біріншісі. Осындай адамдар медициналық көмек алуға қалай жүгіне алады деген сұраққа жауап берсеңіз. Біз үнемі ауылдарға барамыз және Үкіметтің нақты жауабын білгіміз келеді. Қанша қазақстандық ресми түрде МӘМС-ні төлемейді?

Екінші. 2022 жылы қазанда Қаржы мониторингі агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Ашық НҚА» порталында Қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерге және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (бұдан әрі – ЗКТҚІ) мәселелері бойынша түзетулер тұжырымдамасының жобасын жариялады.

Онда Агенттік халықаралық тәжірибеге сілтеме жасай отырып, Медициналық сақтандыру қорын қаржылық мониторинг субъектілері тізімінен алып тастауды ұсынды, «себебі Қор активтері Ұлттық банкте ашық шоттарда орналастырылған, ал құрылтайшысы Қазақстан Үкіметі болып табылады» делінген.

Неліктен Агенттік мұны Қор қаражатының тиімді жұмсалуының кепілі деп санайды? Мысал үшін алысқа барудың қажеті жоқ – қаңтарда Ақтауда Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры филиалы басшысының 17,5 млн. теңге ұрлады деп күдіктеніп отырғаны БАҚ-та жазылды.

Бұл ретте «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ-дағы РМК 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 08-7/68 хатында осы ұсынысты «ЗКТҚІ туралы заңға Қорды, оның ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын уәкілетті органға өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды ұсынуға, оның ішінде өзінің дерекқорына автоматтандырылған қолжетімділікті қамтамасыз етуді міндеттейтін ереже енгізу қажеттілігіне назар аудару ...» қажет деген ескертпемен қолдайтынын көрсеткен.

Осыған байланысты екінші сұрақ – МӘМС қорын қаржылық мониторинг субъектілерінің тізімінен алып тастау туралы мәселе расында да туындап тұр ма? Оның ашық және жария болуын арттыру үшін қандай шара қолданылатын болады?

Үшінші. Қазақстандық модельді халықаралық тәжірибемен салыстыру мүлдем таң қалдырады, өйткені бүкіл әлем не бюджеттік, не сақтандыру, не бюджеттік-сақтандыру жүйесін ұстанады. Ал біз бәрін бір жерге біріктіріп тастадық, сондықтан осындай тәртіпсіздік орын алып отыр. Қазақстанда бюджеттік те, сақтандыру да және міндетті-сақтандыру да, әрі нарықтық та жүйе бар, бұған қоса қажет болған кезде ақылы медицинаға жүгінуге тура келеді.

Әрі бұл кейбір шенеуніктердің өз қалтасын мемлекеттік қазынамен шатастыруға жақын тұратын жағдайдағы адами факторды есепке алмасақ.

Менің ойымша, сақтандыруды енгізу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қайта қараумен тегін медициналық көмекті реформалау қажет еді. Аудиторлық палата бұл мәселе бойынша бұзушылықтарды анықтаған болатын. МӘМС жүйесі – бұл жоғары лауазымды шенеуніктердің туыстарына арналған пайда әкелетін жүйе деген ой қалыптасады.

Үшіншіден – МӘМС қызметкерлері жалақысының мөлшері, олардың саны мен оларға берілетін сыйлықақылар және аппаратты ұстау қаражаты туралы ақпарат ұсынуды сұраймыз.

Төртінші. Бейресми деректер бойынша, МӘМС жүйесін пайдаланатын қазақстандықтар 15%-дан аспайды. Неліктен жүйе өз денсаулығын ойлайтын, осындай шығындарды үнемдеп отырған азаматтарды ынталандырмайды? Дәрігерлерге барған-бармағаның маңызды емес, бірақ төлеуге міндеттісің. Барынша жоғары жарна сомасы шамамен айына 14 000 теңге болған кезде қазақстандықтар өздерінің ауырған-ауырмағанына қарамастан жылына 170 мың теңгеге жуық төлейді. Ал егер олар анда-санда ауырып қалса, онда мемлекеттік емханалардың бюрократиялық сөз бұйдалығымен уақыт өткізбеу үшін ақылы дәрігерлерге баруды жөн көреді.

Осылайша, біздің мемлекеттік моделіміз қазақстандықтарды ауруға ынталандырып отыр ма? Неліктен дені сау азаматтар жиі ауыратындар үшін қызметтерге ақы төлеуге тиіс?

Салауатты өмір салтын ынталандыру мақсатында жыл бойы дәрігерлерге бір де бір рет жүгінбеген қазақстандықтарға МӘМС шығындарының 50%-ын өтеуді ұсынамын. Олар бұл қаражатты өз қалауы бойынша жұмсауға құқылы. Мүмкін ол МӘМС тізбесіне енгізілмеген жеке медициналық ұйымдарда аурулардың алдын алу үшін керек шығар.

Бесінші. 2017 жылдан бастап, іске қосылған кезден бастап МӘМС есебінен қанша қаражат жиналғаны және олар қайда жұмсалғаны туралы егжей-тегжейлі есеп беруіңізді сұраймыз. Мен МӘМС қаражатын пайдалану мәселесі бойынша толық аудит жүргізу қажет деп санаймын.

Ең соңғы – алтыншыcы. Медициналық қызметтердің тарифіне не кіретіні тіпті шенеуніктер үшін де құпия болып табылады. Тіпті Қаржы министрлігі тарифтердің қалай есептелетінін білмейді. Тарифтерді көтеру бойынша барлық шешімді Денсаулық сақтау министрлігі тәуелсіз сараптама жасалмастан дербес өзі қабылдайды. Бұл жерде бақылаушы органдар үшін ғана емес, барлық қазақстандық үшін бәрі ашық болуы қажет. Осыған орай сіздер қандай шаралар қабылдауды жоспарланып отыр?

Жауаптарды заңда белгіленген мерзімде жазбаша түрде ұсыныңыз.

Құрметпен, ЖСДП партиясы фракциясының депутаттары

Смотрите также:
Депутатские запросы
02.05.2024
Наурыз Сайлаубайдың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ауыл шаруашылығы техникасы бағасының өсуіне қатысты жолдаған депутаттық сау
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы
13.03.2024
Біздің депутаттық сауал Премьер-Министр О.А.Бектеновке
13.03.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-министру О.А.Бектенову
31.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал
31.01.2024
Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Министру просвещения РК Гани Бейсембаеву
24.01.2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Р. СКЛЯРҒА ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
17.01.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Министру труда и социальной защиты населения РК Жакуповой С. К.