ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал

Қазіргі әлем, өкінішке қарай, жағымсыз сын-қатерлерге толы: жұмыссыздық, несиеге бату, отбасының әл-ауқатының төмендігі, соның нәтижесі ретінде ересектердің әлеуметтік жауапкершілігінің төмендігін айтуға болатын шығар. Мұның бәрі біздің балаларымыздың әл-ауқаты мен қауіпсіздігіне тікелей байланысты.

Күнделікті жаңалықтардан өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар жайында оқып жүрміз. Төтенше жағдай кезіндегі бірінші кезектегі міндет – балаларды қауіпсіз жерге орналастыру және оларды жеке гигиена құралдарынан бастап білім алу мүмкіндігіне дейін барлық қажеттіліктермен қамтамасыз ету. Өйткені көбінесе панасынан айырылып, көшеде қалған балалар өзін амалсыз өздігінен қажетті заттармен қамтамасыз етуге мәжбүр болады, ал бұл оларды қылмыс жолына түсуге алып келуі мүмкін.

Депутаттық топтың құрамымен Қазақстан бойынша жұмыс сапары барысында мен 3 жастан 18 жасқа дейінгі өмірлік қиын жағдайға тап болған жас азаматтар орналасқан Балаларды қолдау орталықтарының жұмысымен таныстым.

Орталықтар өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға уақытша тұруға және болашақ өмірге бейімделуге мүмкіндік беріп, ақпараттық, консультациялық, делдалдық қызметтер көрсету арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.

Орталықтың жүйелік проблемалары кадрлармен қамтамасыз ету лимиттерінің, басқа да заттар алуды (қыздарға да, ұлдарға да арналған аксессуарлар, гигиеналық тауарлар және т. б.) қаржыландыру нормаларының, кәмелетке толмағандарға міндетті орта білім алу үшін қажетті кеңсе керек-жарақтары және басқа да құралдардың болмауы бөлігінде заңнаманың жетілмегендігімен және кәмелетке толмағандардың Орталықта қысқа мерзімде болуын ескере отырып, күніне бір балаға дәрі-дәрмек беру нормаларының жоқтығымен байланысты. Бұл сұрақтар орталықта әртүрлі созылмалы, психологиялық және басқа да аурулары бар балаларға да қатысты болуы мүмкін.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған әрбір кәмелетке толмаған жасөспірімге жеке адам деп қарау қажет. Орталыққа түсетін балалардың санатын, сондай-ақ олардың осында болу мерзімін ескерсек, қазір соған қатысты жоспарлау және реттеу тетігі жоқ.

Заңнаманың жетілмегендігінің салдары кәмелетке толмағандар арасында кездесетін құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясат қағидаттарының бұзылуына әкеледі. Атап айтқанда, өмірлік қиын жағдайға тап болған әрбір кәмелетке толмағандарға жеке тұлға ретінде қараудың, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» ҚР Заңының 3-бабында көзделген ғылыми негізділік пен жүйеліліктің сақталмауына әкеледі.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу саласындағы мемлекеттік органдар кәмелетке толмағандардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етудің негізгі міндетін орындамады.

Айта кету керек, көп жағдайда бұл мекемелерде тәрбиеленушілерге туған баласы сияқты қарайтын жанашыр, жауапты адамдар жұмыс істейді. Соған қарамастан, менің анықтауымша, осы мекемелердегі қызметкерлердің жалақысында олардың білім беру саласындағы әріптестерінің жалақысынан айтарлықтай айырмашылық бар.

Мысалы, тәрбиешінің жалақысы – 157 мың теңге, ал педагог-психологтың жалақысы – 150 мың теңге.

Бірақ орталықтардың қызметкерлері қиын жағдайға тап болған балаларды тәрбиелеу бойынша орасан зор жұмыс атқарып отыр, тіпті балаларға ата-ананың орнын алмастырады.

Сондықтан біз мынаны талап етеміз

  1. Орталыққа келіп түсетін балалардың санаттарын, сондай-ақ олардың сонда болу мерзімдерін ескере отырып, соған қатысты қаржылық жоспарлау мен реттеу тетігін әзірлеу.
  2. Балаларды қолдау орталықтары қызметкерлерін ынталандыру және олардың жалақы категорияларын қайта қарау қажет.

Құрметпен, Жалпыұлттық социал- демократиялық партиясы фракциясының депутаттары

Смотрите также:
Депутатские запросы