Сіздерді партия атынан барлығымызға ортақ 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Отанға адал, елге қайырымды, нағыз ер азамат деген атқа лайық болайық! Әрқашан да күш-жігеріміз сарқылмай, абыройымыз арта берсін. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, игі істеріңізге табыс, бақытты ғұмыр тілеймін!
ЖСДП төрағасы Асхат Рақымжанов