Ұрпақ болашағы жолындағы игі істер

Жексенбі күні Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Қызылорда облыстық филиалының кеңсесінде партия жанындағы Әйелдер қанатын жаңарту мақсатында дөңгелек үстел өтті. Оған партия қатарындағы белсенді әйелдер қатысып, пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

Іс-шараның мақсаты – партия жанындағы әйелдер қанатының жұмысын жандандыру, жаңа төрайым сайлау, отбасы құндылықтары мен әлеуметтік ахуалдарды талқылау.

Өйткені отбасы құндылығының негізін ұстайтын әйел-аналар ұлттық тәрбиені негізге алып, салт-дәстүрін ұлықтаса, ол отбасыда тәрбиеленген ұл-қыз «Адал адам» ұғымының негізі болары анық. Сондықтан ұрпақ тәрбиесі әйел-аналарға тікелей қатысты.

Жиында әйелдер қанатының мүшелері ынтымақ пен бірліктің, өзара түсіністіктің маңыздылығына тоқталып, ұрпақ тәрбиесі әрбір отбасынан басталатынын, жас отбасылар ескеруі тиіс пайымды пікірлер мен маңызды қағидаттар жайында айтты.

Жалпы, бүгінгі қоғамда әлеуметтік мәселелерді шешуде әйелдердің жанашырлығы мен табандылығы ауадай қажет. Өйткені олардың қоғамдық-саяси өмірде елеулі орны бар. Партия тарапы осы мақсатта және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, ауыл әйелдерінің өз қабілет-қарымын танытуына жағдай жасау, азаматтық қоғамды қалыптастыруда нәзік жандыларға басымдық береді. Әйелдер құқығы, олардың саясаттағы рөлі мен белсенділігі, тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбекақы төлеудегі гендерлік алшақтық мәселелері, сонымен қоса әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін арттыру бағытында әлі де қоғам болып шешетін өзекті сұрақтардың бары рас.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, әлеуметтік көмекке мұқтаж ана мен баланы қолдау, жалғызбасты аналарға қолайлы еңбек жағдайын жасау тетіктерін заңнамалық негізде жүзеге асыру бойынша жұмыстар атқарып жатыр. Ең бастысы, ана мен балаға лайықты қамқорлық көрсету, қолайлы әлеуметтік инфрақұрылым мен баспананың қолжетімді болуы сияқты әлеуметтік мәселелерді шешуді партия өзінің басты қағидаты деп есептейді.

Жиын соңында ЖСДП Қызылорда облыстық филиалы мүшелерінің бірауыздан дауыс беру нәтижесінде партия жанындағы Әйелдер қанатының төрайымы болып Сапарова Әйгерім Бақытқызы сайланды.

Отбасының іргесі берік болып, шаңырақтың шайқалмауы аса маңызды. Сондықтан алдағы уақытта партия алаңында ақжаулықты аналарға, қыздарға арналған ұрпақ болашағы жолындағы игі істеріне орай келелі кеңестер жалғаса беретін болады.

ЖСДП Қызылорда облыстық филиалы

Смотрите также:
Депутатские запросы
02.05.2024
Наурыз Сайлаубайдың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ауыл шаруашылығы техникасы бағасының өсуіне қатысты жолдаған депутаттық сау
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы
13.03.2024
Біздің депутаттық сауал Премьер-Министр О.А.Бектеновке
13.03.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-министру О.А.Бектенову
31.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал
31.01.2024
Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Министру просвещения РК Гани Бейсембаеву
24.01.2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Р. СКЛЯРҒА ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
17.01.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Министру труда и социальной защиты населения РК Жакуповой С. К.