Мәжіліс депутаты Асхат Рақымжанов Щучинск қаласының тұрғындарымен кездесіп, Қазақстанда 6 қазанда өтетін АЭС құрылысы бойынша референдум өткізілуіне байланысты дауыс беруге шақырды.
Депутат атом энергетикасының қауіпсіздігі мен экологиялық тазалық мәселесіне де тоқталып, жобаның мәнісін баяндады.
«Бізде өзіміздің дербес атом энергетика саласы болуы үшін барлық алғышарттар бар. Бұған қоса, біз өзімізді жоғары технологиялық өндірістің қандай да бір түрімен, қосымша өндіріспен қамтамасыз ете алу үшін тұрақты энергия көзі қажет. Сонымен қатар, біз өзіміздің дербес энергетикалық жүйемізді құруға қадам жасаймыз. Демек көршілерімізге тәуелді болмаймыз деген сөз. Сондықтан референдумға қатысып, өз пікірлеріңізді білдіріңіздер. Бұл үлкен шешім болмақ», – дейді Асхат Рақымжанов.
Халық қалаулысы қала тұрғындарының АЭС-тен өзге де сұрақтарына жауап бере отырып, жұртшылық арасында қандай да бір көзғарас қалыптастыру үшін емес, барынша ақпарат беріп референдумға шақыра келгенін жеткізді.
ЖСДП баспасөз қызметі
Жителям Щучинска рассказали о референдуме по АЭС
Депутат Мажилиса Асхат Рахимжанов встретился с жителями города Щучинск и призвал пойти на референдум по вопросу строительства в Казахстане АЭС, который состоится 6 октября.
Мажилисмен также остановился на вопросах безопасности и экологичности атомной энергетики. «У нас есть все предпосылки для того, чтобы иметь свою независимую атомную энергетику. Плюс ко всему этому мы себе сможем обеспечить высокотехнологичное какое-то производство, дополнительное производство, потому, что энергия всегда требуется, кроме того — сделаем шаг к созданию своей автономной энергетической системы, независящей от наших соседей», - рассказал Асхат Рахимжанов.
Депутат ответил на вопросы щучинцев и отметил, что не агитирует «за» или «против», а лишь призывает прийти на референдум.
Пресс-служба ОСДП