Шымкенттегі автобустар неліктен уақытымен жүрмейді?

Шымкент қаласы мегаполиске айналғалы қоғамдық көлік саласында біраз өзгерістер бастау алған. Соның бірі – төлем жүйесі. Қала тұрғындары жол ақысын арнайы төлем жүйесі арқылы автобустарға орнатылған құрылғы, яғни валидатор арқылы төлеп жүр. Кез-келген жоба жүйелі дұрыс жүргізілуі үшін технологиялар дайын болуы керек, қаланың қоғамдық көліктері оған қаншалықты дайын? Осы тұрғыда ЖСДП Шымкент қалалық филиалының қызметкерлері арнайы мониторинг жүргізу арқылы ақпарат жинаған болатын.

Осы жылдың наурыз айынан бастап автобустардағы кондукторлар жұмыс істемейді. Олардың орнын заманауи технологиялар – арнайы құрылғылар басты. Қоғамдық көлікте бірінші кезекте валидатор, SMS және QR-код арқылы төлем жасалу қажет. Ал қолма-қол ақшамен төлеген жағдайда, жүргізушіден чек талап етіп, чекті сапар аяқталғанға дейін сақтау керектігі бар.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысы Ролан Ибрагимов БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте осы күнге дейін атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспар туралы есеп беруі кезінде: «Шымкент қаласын дамыту жолында жол инфрақұрылымы мен көлік саласын өркендету міндеттеріне үлкен жауапкершілік жүктелген. Статистикаға сәйкес, Шымкент қаласы автокөлік санының көбеюі жағынан елімізде көш бастап тұрған қалалардың бірі болып отыр. Осыған байланысты соңғы жылдары қалада жол құрылысы бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамып жатыр», − деп атап өтті.

Қалада 77 маршрут бойынша жолаушыларға 916 қоғамдық көлігі күнделікті тасымалдау қызметін көрсетеді. Бүгінгі таңда қаланың орталық бөлігі мен шалғай аймақтарда орналасқан барлық шағын аудандар және тұрғын алабтар қоғамдық көлікпен қамтылған. Дегенмен тұрғындардан қоғамдық көлік саласының қызметіне қатысты өтініштер жиі түсіп тұратыны жасырын емес. Осыған байланысты арнайы мамандардан құрылған жұмыс топтары жүргізушілердің қызмет көрсету мәдениетін, жолақысының төленуін, жолаушыларға билеттердің берілуін, қоғамдық көліктердің тазалығы мен автобустардың уақтылы және аялдамаларда тоқтап жүруін бақылайды. Мұндай шаралар нәтижесінде жолаушыларды тасымалдау ережесінің талаптарын бұзу деректері анықталған жағдайда тиісті шара қолданылады.

75-автобус жүргізушісі Рахымжан Айбаров жүргізушілерді мазалаған біраз мәселені көтерді. Қоғамдық көлік жүргізуде біраз тәжірибесі бар Рахымжан 3-4 ай бұрын Алматы қаласының қоғамдық көлігін жүргізген екен, көп мәселені сол жақтағы қоғамдық көлікті жүргізумен салыстырады. Мысалы, Алматы қаласында автобус жүргізушілері таңертең ерте келетіндіктен, жатақхана мәселесі шешімін тапқан дейді. Шымкент қаласы да осы жатақхана мәселесін шешіп берсе екен деген ұсынысын жеткізді.

«Біздегі қоғамдық көліктерде кондуктор болмағандықтан, автобус жүргізушілеріне көп жауапкершілік жүктеліп отыр. Сонымен қатар автобустарда аялдамаларды хабарлайтын құрылғы орнатылмағандықтан, аялдамаларды айқайлап айтуға тура келеді», – дейді автобус жүргізушісі. Автобустарда мұндай құрылғылар жоқ екендігі барлық дерлік шымкенттікке аян. Сондықтан бұл шешімін табу керек мәселе.

Қала тұрғындары арнайы iKolik қосымшасы арқылы қоғамдық көліктің жүру бағытын бақылап отырады.

«Кейбір автобустар өз уақытымен жүрмей, біразы басқа жақта тұрады. Оған себеп – бірнеше автобус газбен жүреді, алайда газ құю үшін автопаркке баруы керек, ал ол қаланың шет жағында. Сол бір жерден ғана газ құямыз, сондықтан автобустар өз уақытымен келе алмай жатады. Осыған орай, газды қаланың ішінде бірнеше жерден құятын етіп шешіп берсе екен» – дейді қоғамдық көлік жүргізушісі Рахымжан Айбаров.

Айта кету керек, Шымкент қалалық қоғамдық көлігімен төлем картасымен төлеу арқылы жүру құны 70 теңге, ал жолақысын қолма-қол берген жағдайда 100 теңге. Қоғамдық көлікте тегін жүретін санаттағы адамдар бар, олар: батыр ана – «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері, 1-топтағы зағип жандар мен оларды ертіп жүруші бір адам, 7 жасқа дейінгі балалар, сондай-ақ, ҰОС ардагерлері және ҰОС жылдарында «Ерен еңбегі үшін» марапатталғандар.

Шындығын айту керек, кейде жолаушылардың өзі де жолда жүру мәдениетін сақтай бермейді. Жол ақысын төлемей түсіп кететіндер бар. Бірінің аяғын бірі басып кетсе, я болмаса байқаусызда бір-бірімен қақтығысып қалса, балағат сөйлеп, төбелесуге дайын тұрады. Осындай жағдайларда «Қоғамдық көлікте жүру этикасы» деген арнайы ереже қабылдау керек деген ой келеді. Әрине, мұндай ережеге жұрттың бәрі бағынуы тиіс болады, ал бағынбайтындарға айыппұл салынуы керек.

ЖСДП Шымкент қалалық филиалының қызметкері Бағила Шынбергенова

Смотрите также:
Депутатские запросы
02.05.2024
Наурыз Сайлаубайдың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ауыл шаруашылығы техникасы бағасының өсуіне қатысты жолдаған депутаттық сау
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы
13.03.2024
Біздің депутаттық сауал Премьер-Министр О.А.Бектеновке
13.03.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-министру О.А.Бектенову
31.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал
31.01.2024
Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Министру просвещения РК Гани Бейсембаеву
24.01.2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Р. СКЛЯРҒА ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
17.01.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Министру труда и социальной защиты населения РК Жакуповой С. К.