Түркістан облысында 270 жер учаскесі саяжай құрылысына заңсыз берілген

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы франкциясының депутаты Наурыз Сайлаубай саяжайларда тұратын тұрғындардың мәселесі жайлы сөз қозғап, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Мақашұлы Жұманғаринге депутаттық сауал жолдады.

«Өңірлерге сапар кезінде тұрғындардың жиі қоятын сұрақтарының бірі – саяжайлардың болашағы жайында. Ресми ақпарат бойынша, қазір елімізде 2 426 саяжай бау-бақша серіктестігі бар, сол аумақта 252 мыңнан астам адам тұрақты түрде өмір сүруде. Ал бейресми, бұл санның әлде қайда бұдан да көп екені баршамызға мәлім. Ауыл аймақтардан көшіп келген азаматтардың көбі қаладағы баспана бағасы қымбат болғандықтан, саяжайлардан үй алып, осы жерлерге тұрақтайды. Кейіннен мектеп, балабақша, жәрдемақы, су, газ, электр қуаты, медициналық жәрдем көрсету сияқты мәселелермен кезігіп, инфрақұрылымға жарымай, мәселені өз күштерімен шешуге тырысады. Оған қоса жыл сайын су арналарына жақын орналасқан саяжайларды су алып, тұрғындардың берекесін кетіреді. Осы көктемде оған дәлел болды – деді Наурыз Сайлаубай.

Мәжіліс депутаты өз сөзінде заңсыз жер беруді тоқтатуды, 2023 жылы Түркістан облысында прокурорлар таулы аймақта орналасқан 270 жер учаскелерін саяжай құрылысына заңсыз берілгенін, осыған байланысты алаяқтық фактілері бойынша 8 қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті. Сондай-ақ су арналарына жақын орналасқан, күз, көктем айларында қайта-қайта үйлері суға кететін саяжай тұрғындарына төмен пайыздық мөлшерлемемен бірінші және екінші нарықтан үй алуға арнайы ипотекалық бағдарламалар қосылып, жеке тұрғын үйге меншiк құқығы, яғни ИЖС берілген саяжай тұрғындарына кезек күттірмей кезең-кезеңмен инфрақұрылым жүргізу туралы ұсынысын білдірді.

ЖСДП баспасөз қызметі

Смотрите также:
Депутатские запросы
18.09.2024
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі О.А. Бектеновке депутаттық сауал
18.09.2024
Депутатский запрос Н.Ауесбаева Премьер-Министру Республики Казахстан Бектенову О.А.
04.09.2024
ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС АЖАР САГАНДЫКОВОЙ МИНИСТРУ СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА
19.06.2024
ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС А.САГАНДЫКОВОЙ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРУ РК БЕКТЕНОВУ О.А.
12.06.2024
Сайлаубай Н. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлына депутаттық сауал
29.05.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-Министру Республики Казахстан Бектенову О.А.
22.05.2024
Су айдындарында браконьерлікке қарсы күрестің проблемалық мәселелеріне қатысты өзінің депутаттық сауал
22.05.2024
Депутатский запрос касательно проблемных вопросов борьбы с браконьерством на водоемах
15.05.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Заместителю Премьер-Министра Республики Казахстан Дуйсеновой Тамаре