Сіздерді келе жатқан 2024 жылмен құттықтаймын!
Осы жыл біздің партиямыз үшін шешуші жыл болды – тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет оппозициялық партия Парламент Мәжілісіне өтті.
Бүгінгі таңда бізде төрт депутаттық мандат бар және біз күн сайын келіп түсетін заң жобаларының сапасын жақсарту үшін жұмыс істеп келеміз. Бізге көмекке жүгінгендердің әрқайсысының пікіріне құлақ асамыз, «Әділдік, еркіндік, ынтымақ» қағидаттары іске асуы үшін азаматтарымыздың мүддесін қорғаймыз.
2024 жылдың қаңтар айының соңында партиямыздың бағдарламасы егжей-тегжейлі талқыланатын съезд өткізуді жоспарлап отырмыз. Бағдарламадағы көптеген тармақ қазірдің өзінде жүзеге асырылды. Енді біз әрбір қазақстандықтың игілігі үшін бастаған жолды жалғастырып, оны жаңарта түсуіміз керек.
Жаңа жылда баршаңызға зор денсаулық, мерекелік көңіл-күй, бақыт, бақ-береке, барлық арман-тілектеріңіздің орындалуын шын жүректен тілеймін!
ЖСДП төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Рақымжанов
Дорогие друзья и единомышленники! Поздравляю вас с наступающим 2024 годом!
Уходящий год выдался для нашей партии ключевым – впервые за всю историю независимого Казахстана оппозиционная партия прошла в Мажилис Парламента.
Сегодня у нас – четыре депутатских мандата, и мы ежедневно работаем над улучшением качества поступающих законопроектов. Мы прислушиваемся к мнению каждого, кто к нам обращается, отстаиваем интересы всех граждан, чтобы принципы «Свобода, справедливость, солидарность» воплощались в действительности.
В конце января 2024 года мы планируем провести съезд, на котором будет подробно обсуждена программа партии. Многие ее положения уже услышаны и внедрены на практике. Теперь нам предстоит продолжить начатый путь и актуализировать ее, во имя благополучия каждого казахстанца.
Искренне желаю всем в новом году крепкого здоровья, праздничного настроения, счастья, благополучия, исполнения всех заветных желаний!
Председатель партии ОСДП, депутат Мажилиса Парламента РК Асхат Рахимжанов