Құрбан айт – адамзаттың бойына мейірім, ізгілік, имандылық, сабырлық, адамгершілік қасиеттерді дарытатын, тұтас қоғамда әрі Жер бетінде тыныштықты, тепе-теңдікті, бейбітшілік пен ауызбіршілікті сақтауды насихаттайтын ұлық мейрам.
Араздасқандарды татуластыруға, ренжіскендерді бір-бірін кешіруіне, ашуды ақылға жеңгізуге ықпал ететін, адамдардың бауырмалдығын, ізгі амалдарын арттыратын Құрбат айт құтты болсын!
Қасиетті мейрам күндері әрбір шаңыраққа шаттық пен денсаулық, ынтымақ-бірлік, мол дәулет, зор қуаныш пен бақ-береке тілейміз!