ЖСДП бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтайды!

Шындыққа негізделген ақпарат таратып, халықты жаңалықтан құлағдар етіп жүрген барлық қалам иесін бүгінгі төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздер елімізде әрбір адамның құқығы сақталатын, ешбірінің ақысы желінбейтін адал әрі әділ қоғамның орнауына мол үлес қосып келе жатқан мамандық иесісіздер. Журналистика үлкен жауапкершілікті, қажырлы еңбекті, мол ізденісті талап етеді.

Ақпарат айдынында халықтың тыныс-тіршілігін, тұрмыс-тауқыметін тап басып айтып, жазу шеберліктеріңіздің арқасында қоғамның бүгінгі келбеті мен елдің мәселесін кеңінен тарқатып жүрген тынымсыз жұмыстарыңызды жоғары бағалаймыз.

Қасиетті Құрбан айт мерекесімен қатар келген бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күніне орай, сіздерге шығармашылық шабыт, толағай табыс, отбасыңызға құт-береке тілейміз!

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия

Смотрите также: