Бүгін Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның орталық аппаратының кеңсесінде ЖСДП фракциясының Мәжіліс депутаттары Ажар Сағандықова мен Нұрлан Әуесбаев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетовпен және «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ кеңістіктік деректер департаментінің директоры Данияр Какпеновпен кездесті.
Аэроғарыш комитетінің басшысы ғарыштық мониторингтің он негізгі бағыты: төтенше жағдайлар, жерді пайдалану, жайылымдық жерлер, сондай-ақ, елдің бүкіл аумағын қамтып отырған қорғаныс пен ұлттық қауіпсіздік туралы айтты. Сонымен қатар, ол қалдық заттардың (27 млн га қамтылған), орман (20,5 млн га) және су ресурстарының (11,7 млн га), жер қойнауын пайдаланудың (27 млн), егістің (22 млн га), жерді тартып алудың және пайдаланылмай жатқан жер учаскелерінің (4,5 млн га) мониторингі жайында хабарлады.
«Бүгінгі кездесу пайдалы болды, себебі ғарыштық мониторингтің қандай мүмкіндіктері барын білдік. Әрине, көп жұмыс атқарылып жатыр, қазіргі уақытта мемлекеттік органдар жұмыс істейтін қолданыстағы дерекқорлармен интеграция жасалуда. Бұл салада заңнамалық өзгерістер қажет екені анық, олардың кейбірі бүгінде Мәжілістің жұмыс топтарында талқыланып жүр. Олардың қатарында – жайылымдарды пайдалану, жерді мақсатты пайдалану мәселелері және жайылымдардың тозу дәрежесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне түзетулер енгізіліп жатыр», – деп атап өтті Ажар Сағандықова.
ЖСДП Баспасөз қызметі