ЖСДП фракциясының депутаттары «Кеме жабдықтары және сервис» ЖШС-ның қызметкерлерімен кездесті

Парламент Мәжілісіндегі ЖСДП фракциясының депутаттары Маңғыстау облысы Каспий теңізінің жағасында кеме жасауды дамыту мәселесі бойынша «Кеме жабдықтары және сервис» ЖШС басшысы Дмитрий Донскоймен кездесті.

Жиынға депутаттар Нұрлан Әуесбаев және Наурыз Сайлаубай, ЖСДП Орталық аппаратының басшысы Тазабек Сәмбетбай, ЖСДП Баспасөз қызметінің басшысы Мақсұт Насибулов, ЖСДП Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Сәкен Мыңбаев пен Маңғыстау «Кеме жабдықтары және сервис» ЖШС мекемесінің мамандары қатысты.

«Кеме жасау және кеме жөндеу өнеркәсібінің қарқынды жүруі мемлекеттің дамуына ықпалын тигізетінін білеміз.

Қазақстандық кеме қатынасы кәсіпорындары өнеркәсіптегі тапшылыққа байланысты Ресей Федерациясы мен Әзірбайжан кәсіпорындарының қызметтерін пайдаланады. Ал бұл сала біздің елде енді ғана дамып келеді. Мұнымен «Кеме жабдықтары және сервис» ЖШС 2020 жылдан бастап айналыса бастады. Компания 2021 жылдан бастап мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындаушы», – деп мәлімдеді Дмитрий Донской.

Ол компанияның қызметін арнайы экономикалық аймақтың (АЭА) қатысушысы ретінде айқындауға қолғабыс етуді сұрады.

«Отандық өндірісті дамыту үшін кеме жасау мен кеме жөндеу саласын қызмет түрлерінің негізгі түріне қосу мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз. Бұл компанияның арнайы құқықтық режимді ұсына отырып, арнайы экономикалық аймақтың (АЭА) қатысушысы ретіндегі қызметін одан әрі айқындауға мүмкіндік бермек», - дейді Дмитрий Донской.

Компания жақын арада Каспий теңізінің акваториясында өзінің кеме жасау зауытын салуды көздеп отыр.

Инвестициялық жоба шеңберінде «Пирс пен айлақ қабырғасы бар кеме жөндеу-кеме жасау зауытын салуға» жер учаскесі түріндегі заттай грант алу үшін бір жылдан астам уақыт бойы құжаттама жіберіп келген, алайда ҚР Сыртқы істер министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитеті құжаттамадан бас тартып отыр. Оның себебін компанияда да, комитетте де осы бағыттағы әрекет алгоритмі жоқ деп түсіндіріп келеді. Қазақстан Республикасының Су және Жер кодекстерінде сұратылған мақсаттарға жер бөлу көзделген, бірақ тетігі пысықталмаған.

«Сондай-ақ, пирсті салу кезінде шекара бойынша маңызды сұрақ туындайды. Маңғыстау облысының шекарасы Каспий теңізі жағалауынан 160 метр қашықтықта аяқталады, ал пирстің қажетті ұзындығы 1000 метр. Болашақ зауыттың жұмыс істеуі үшін осы шекара мәселесінің шешімін табуға көмек көрсетулеріңізді сұраймыз», - деді «Кеме жабдықтары және сервис» ЖШС басшысы.

Халық қалаулылары Нұрлан Әуесбев пен Наурыз Сайлаубай бұл мәселені қарауға алып, алдағы уақытта Парламент қабырғасындағы жұмыс топтарында зерттеп-зерделейтінін айтты. Ал Маңғыстау облыстық мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаев бұл жағдайды ҚР Парламенті Сенатында көтеретінін жеткізді.

ЖСДП Маңғыстау облыстық филиалы Мадина Төрешова

Смотрите также:
Депутатские запросы
02.05.2024
Наурыз Сайлаубайдың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ауыл шаруашылығы техникасы бағасының өсуіне қатысты жолдаған депутаттық сау
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы
13.03.2024
Біздің депутаттық сауал Премьер-Министр О.А.Бектеновке
13.03.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-министру О.А.Бектенову
31.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал
31.01.2024
Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Министру просвещения РК Гани Бейсембаеву
24.01.2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Р. СКЛЯРҒА ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
17.01.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Министру труда и социальной защиты населения РК Жакуповой С. К.