ЖСДП фракциясының депутаттары «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Бүгін ЖСДП фракциясының депутаттары Нұрлан Әуесбаев, Ажар Сағандықова, Наурыз Сайлаубай «Таза Қазақстан» акциясына қатысты. Жалпы қалалық сенбілікте Мәжіліс депутаттары мен Палата аппаратының қызметкерлері 350 түп ағаш отырғызды.

Жалпы қалалық сенбілік барысында депутаттар Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің аумағын көгалдандыруға атсалысып, шырша, қарағай, емен және қайың көшеттерін отырғызды.

Сенбілік Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық бастамасы аясында ұйымдастырылып, еліміздің барлық өңірлерін қамтыды. Ал Астанада «Жасыл аймақ» деген атаумен өтуде.

ЖСДП баспасөз қызметі

Смотрите также: