31 мамыр - Қазақстанда саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің ЖСДП фракциясының мүшелері және партия белсенділері саяси қуғын-сүргін мен тоталитаризм құрбандарын еске алды. Депутаттар Ақмола облысында орналасқан «Алжир» мемориалды-мұражай кешеніндегі саяси қуғын-сүргін мен тоталитаризм құрбандарын еске алу қабырғасына гүл шоқтарын қойып, құрбандардың рухына тағзым етті.
ЖСДП баспасөз қызметі