ЖСДП Ақтау қаласы тұрғындарымен жергілікті мәселелер бойынша кездесті

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Маңғыстау облысы филиалы 35 шағын ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Мұндағы тұрғындардың айтуынша, бұл шағын ауданда жаз мезгілінде ыстық су жоқ және түнгі уақытта су тіпті келмейді. Жаяу жүргінші жолдары да салынбаған, ауа райының қолайсыз уақыттарында (жаңбыр, қар жауған жағдайда) көшемен жүру мүмкін емес. Жол мен жарықтың жоқтығы түнгі уақытта серуендеуге шығуға қиындық туғызады.

Оған дейін аудан халқы қала әкімдігіне, партия филиалына ауыз су тапшылығы, жол салынбағандығы және жарық орнатылмағаны жөнінде шағымданған болатын. Осыған байланысты ЖСДП-ның Маңғыстау облыстық филиалы ұйымдастырған кездесуге Маңғыстау облысының мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаев қатысты.

«Жарық шамдары болған жағдайдың өзінде, іске қосылмаған. Жергілікті жұрт «Маңғыстау өңірлік электржелілік компаниясы» акционерлік қоғамына хабарласып, шағымын айтқанымен, компания бұл мәселеге мердігер компаниялар жауапты деп ат тонын ала қашты. Осылай жауапкершілікті бір-біріне сілтеп отырса, бұл мәселенің шешімін қалай табамыз?», – деп өкпелі Арай Қалсыбетова.

Жаяу жүргінші ғана емес, автокөліктердің қозғалысы үшін тас жолдары да салынбаған екен. Тұрғындарды өңірде Қазақстан Республикасындағы жол битумдарының ірі өндірушісі «CASPI BITUM» БК» ЖШС жұмыс істеп тұрып, асфальттың салынбауының себебі неде деген сұрақ мазалап отыр.

«Газды реттеу пункті тексерілмейді, айналасындағы шөптерден тазаланбайды. Айта кететіні, газ реттеу пункттерінің жанында қоқыс жәшіктері орналасқан. Егер осы қоқыс жәшіктерінде өрт тұтанса, онда газ реттеу пункттерінің жарылу қауіпі бар. Бұл да бір үлкен апатқа әкеліп соқтырады», – дейді тұрғын Нұрлан Бақытұлы.

Маңғыстау облысының мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаев аталған мәселелерді назарға алатынын, сонымен қатар Ақтау қаласының әкімімен бірлесіп шешуге тырысатынын айтты. Cондай-ақ, жауапты тұлғалар мен медігер компанияларды, тұрғындар арасынан өкілдерді және осы мәселені көтерген ЖСДП Маңғыстау облысы филиалының төрағасы Сәкен Мыңбаевты шақырып, бір апта ішінде жиын өткізетінін жеткізді.

«Ал су тапшылығына тоқталатын болсақ, 2024 жылдың соңына дейін шешіледі. Қазіргі таңда 2 станция салынуда. Біреуі 20 метр куб станция Түпқараған ауданындағы Ақшықұр мен Телман ауылында салынып жатыр, ал Тоқпақ елді-мекенде 50 м3 станция құрылысы басталып кетті, бұл Құрық ауылы мен Жаңаөзен қаласын сумен қамтиды. Сол құрылыс біткенше шыдамдылық танытуды сұраймын», – деп жауап берді Маңғыстау облысының мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаев.

ЖСДП Маңғыстау облысы филиалы

Смотрите также:
Депутатские запросы
02.05.2024
Наурыз Сайлаубайдың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ауыл шаруашылығы техникасы бағасының өсуіне қатысты жолдаған депутаттық сау
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы
13.03.2024
Біздің депутаттық сауал Премьер-Министр О.А.Бектеновке
13.03.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-министру О.А.Бектенову
31.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал
31.01.2024
Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Министру просвещения РК Гани Бейсембаеву
24.01.2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Р. СКЛЯРҒА ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
17.01.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Министру труда и социальной защиты населения РК Жакуповой С. К.