Құрметті қазақстандықтар!
Қазақстан дәстүрлі түрде 130-дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тұратын бейбіт мемлекет болсын.
Еліміздің Қарулы күштері өздерінің біліктілігі мен кәсібилігін тек Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік шараларында көрсетсін.
Баршаңызды батырлық пен ерліктің мерекесі — Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтай отырып, шаңырақтарыңызға қуаныш, құт-береке, мемлекетіміздің дамуы жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін. Туған еліміздің іргесі бүтін, Тәуелсіздігіміздің көк байрағы биік, мәртебеміз жоғары, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы А. Рақымжанов.