Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді 1 Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймын! Бірлік - ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың бірден-бір алғышарты. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ Қазақстанда «Бірлік, татулық, ынтымақ, достық» басты құндылық болып қалыптасқан. Сол жылдардан бері елімізде бар ұлттың өкілдері тату-тәтті, ынтымақпен өмір сүріп келуде. Осындай мерейлі күні шаңырақтарыңызға шаттық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке тілеймін! Құрметпен, Асхат Рақымжанов.