Құрметті, қазақстандықтар!
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан сіздерді 16 желтоқсан – тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің егемендігі баянды, аспаны ашық болсын.
Осы күнге жеткізген, еліміздің болашағы мен ұрпақтың азаттығы үшін күрескен рухты да, батыр ата-бабаларымыз бен желтоқсаншылардың ерліктеріне тағзым етеміз. Мемлекетіміздің тұтастығын сақтап, тәуелсіздігін қастерлеуді тапсырған аманатын абыроймен алып жүру – біздің алдымызда тұрған үлкен парыз. Ешбір азаматтың құқығы бұзылмайтын демократиялық қоғам құру жолында бірге қызмет етейік!
Әрбір шаңыраққа бақ-береке, шат-шадыман мереке мен қуаныш тілеймін.
Құрметпен, Асхат Рахымжанов