Алматының Бас жоспарын депутат назарға алды

2026 жылдың 6 қаңтарда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Наурыз Сайлаубай өзіінің жұмыс сапары барысында қала тұрғындарымен кездесті. Кездесудің негізгі тақырыбы – Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына енгізілген түзетулерді талқылау болды.

Кездесуге қоғамдық ұйым өкілдері, сәулетшілер, заңгерлер және белсенді тұрғындар қатысты. Қатысушылар қала құрылысы саясаты алматылықтардың өмір сапасына, жайлылығы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететінін атап өтті.

Талқыланған негізгі мәселелердің бірі – Бас жоспарға өзгерістер енгізбестен бұрын жаңа Құрылыс кодексін қабылдау қажеттігі болды. Сондай-ақ құрылыс сапасының жоғары болуын және қоғамдық бақылау тетіктерінің тиімділігін қамтамасыз ету маңызды екені айтылды, себебі қазіргі қолданыстағы механизмдер әрдайым толыққанды жұмыс істей бермейді.

Ескі ғимараттарды сүрген кезде тұрғындарға төленетін өтемақы тақырыбы да тұрғындардың алаңдаушылығын тудыратыны белгілі. Қолданыстағы өтемақы мөлшерлері сол аудандағы балама тұрғын үйді сатып алуға жеткіліксіз болуы мүмкін екені атап өтілді жиналғандар. Бұл өз кезегінде тұрғындардың қалыптасқан өмір сүру деңгейінің төмендеуіне алып келуі ықтимал.

Сондай-ақ бұрын бақша аумақтары ретінде тіркелген қосалқы аумақтарға қатысты мәселелер де сөз болды. Мұндай аймақтар бойынша жер мен жылжымайтын мүлік құнын әділ өтеу тетіктерін енгізу мен қолданыстағы заңнамаға сай әрекет ету керектігі айтылды.

ЖСДП фракциясының мүшесі Наурыз Сайлаубай қаланың табиғи-ландшафттық ерекшеліктерін ескере отырып даму қажеттігін атап өтті. «Әсіресе су қорғау аймақтары мен сейсмикалық жарықтар орналасқан аумақтарды нүктелік құрылысқа беруге жол бермеу қажет. Сонымен қатар көлік инфрақұрылымын дамыту, қоғамдық көлікті жетілдіру және қаланы полицентрлік моделге көшіру мәселелерін партия депутаттарымен бірлесе котырып көтеретін боламыз»,-деді.

Одан бөлек мәжлісімен тұрғындарға да келушілерге де қолайлы жағдайдың болуын назарға алды. «Алматы заманауи және туристер үшін тартымды қалаға айналуы тиіс, алайда бірінші кезекте – тұрғындардың мүдделерін қорғау, қолайлы өмір сүру және кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік жасау маңызды»,-деді.

Жиында экологиялық мәселелерге де ерекше көңіл бөлінді, оның ішінде: – экологиялық зиянды өндірістерді қаладан тыс аймақтарға шығару, – BRT желілерін дамыту, – қоғамдық көлік санын арттыру, – жеке автокөлік жүктемесін азайту басты назарда болу керектігі талқығы түсті.

Ал жиналысқа келген қала белсенділері жасыл желектерді сақтау қажеттігін, аула мен қоғамдық кеңістіктерді шамадан тыс бетондауға жол бермеуді, сондай-ақ ағаш кесілген жағдайда оны бірнеше есе көлемде қайта отырғызуды міндетті талап ретінде бекіту қажеттігін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік министрлігіне, Индустрия және құрылыс министрлігіне ресми ұсыныстар жолдау бастамасы көтерілді. Сондай-ақ айтылған ұсыныстар мен сұрақтар Қазақстан Республикасы Үкіметіне жіберіліп, Алматы қаласының тұрақты дамуы мен тұрғындар мүдделерін қорғауға бағытталған жүйелі шешімдер әзірлеу ұсынылды.

ЖСДП Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі