Арал ауданындағы білім беру жағдайын ЖСДП назарға алды

Білімді ұрпақ тәрбиелеу – елдің ертеңіне жасалған ең маңызды қадамдардың бірі. Ал сапалы білімнің негізі мектеп қабырғасынан басталады.

Осы мақсатта Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен Арал ауданында «Білім беру саласының өзекті мәселелері: мектептердің жағдайы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Басқосудың негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарының қазіргі жағдайын зерделеу, сала мамандарының пікірлерін тыңдау және шешімін күтетін мәселелерді талқылау. Іс-шараға партия өкілдерінен бөлек мектеп директорлары, мұғалімдер, оқушылар, сондай-ақ «Сартай» балабақшасының басшылығы мен тәрбиешілері де келді. Кездесу барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер ортаға салынып, оларды шешудің ықтимал жолдары қарастырылды.

Мектептің жағдайы – білім сапасының негізі

Дөңгелек үстел аясында №262 және №292 мектептерге, сондай-ақ «Сартай» балабақшасының қазіргі жағдайлары сараланды. Аталмыш білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы, оқу кабинеттерінің жабдықталуы, ғимараттардың техникалық жай-күйі, қауіпсіздік талаптарының сақталуы және балаларға жасалған жағдайлар назарға алынды. Әрбір оқушының қауіпсіз әрі қолайлы ортада білім алуына жағдай жасау – баршамызға ортақ жауапкершілік. Кездесу барысында мектеп директорлары мен педагогтер білім беру саласында кездесетін мәселелерді атап өтіп, өз ұсыныстарын білдірді. Атап айтқанда, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту, оқу кабинеттерін қажетті құралдармен жабдықтау, ғимараттардың жағдайын жақсарту және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Сонымен бірге оқушылардың пікірі мен ұсыныстарын тыңдау да білім беру ортасын жақсартуға септігін тигізеді. Талқылау барысында көтерілген мәселелерді жүйелі түрде қарастыру, жауапты мекемелермен байланысты нығайту және анықталған түйткілдерді шешу жолдарын іздестіру қажеттігі атап өтілді. Мұндай кездесулерде мәселелерді ортаға салып қана қою емес, олардың шешілуіне ықпал ететін нақты ұсыныстарды қалыптастыру аса маңызды.

Бала болашағына жасалған қамқорлық – ел болашағына жасалған оң қадам

Білім беру саласын дамыту – бір ғана мекеменің міндеті емес. Бұл бағытта мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының, ата-аналардың және қоғам өкілдерінің бірлескен жұмысы қажет. Әр тараптың пікірі ескеріліп, өзекті мәселелер ашық талқыланғанда ғана оң өзгерістерге жол ашылады. Арал ауданында өткен дөңгелек үстел білім беру ұйымдарының жағдайын зерделеуге, сала мамандарының ұсыныстарын тыңдауға және мектептердің инфрақұрылымын жақсарту мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді. Мұндай кездесулер білім беру саласындағы өзекті мәселелерді назарда ұстап, оларды шешу жолдарын бірлесе қарастырудың маңызын көрсетеді. Білім беру саласындағы әрбір оң өзгеріс – баланың болашағына жасалған қамқорлық, елдің ертеңіне салынған инвестиция. Арал ауданында өткен бұл басқосу білім беру ұйымдарының жағдайына назар аударып қана қоймай, өзекті мәселелерді бірлесе шешудің маңызын тағы бір аңғартты. Ең бастысы, көтерілген ұсыныстар назардан тыс қалмай, нақты нәтижеге ұласуы керек. Бұл жұмыста партия өкілдері аянып қалмайтындықтарын жеткізді.
ЖСДП Қызылорда облыстық филиалы білім беру саласындағы өзекті мәселелерді зерделеу, қоғамның үнін тыңдау және оларды шешуге ықпал ету бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

ЖСДП Қызылорда облысы