2026 жылғы 20 қазанда Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) Батыс Қазақстан облыстық филиалы Бәйтерек ауданының Чувашин ауылы тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді. Шараның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының өтініштерін зерделеу, әлеуметтік-тұрмыстық және инфрақұрылымдық өзекті мәселелерді анықтау мен олардың шешілу жолдарын анықтау.
Ашық диалог барысында тұрғындар электр энергиясының жиі өшіп қалатынын, ауылдық клубтың жағдайы қанағаттанарлықсыз екенін, толыққанды балабақша мен балалар ойын алаңының жоқтығын айтты. Көтерілген мәселелер қысқы кезең қарсаңында ерекше өзекті болып отыр. Өйткені коммуналдық инфрақұрылымның сенімділігі халықтың қауіпсіздігі мен тұрмыс жағдайына тікелей әсер етеді. Электр энергиясының үзілуіне ауылдықтар ерекше алаңдаушылық білдіріп отыр. Тұрғындар көтерген ең өзекті мәселелердің бірі – осы электр энергиясының тұрақсыздығы болды. Ауыл тұрғындарының айтуынша, жаз уақында сәл ғана жаңбыр жауса немесе жел соқса болды электр жарығы үнемі өшіп қалатын көрінеді. Суық түсуіне байланысты тұрғындар ерекше алаңдаушылық туғызуда. Қыс мезгіліндегі қатты аяз, боран және қолайсыз ауа райы болған кезде жағдай одан әрі ушығып, тұрғындардың ең қиын сәтте электр жарығынсыз қалуына әбден мүмкін. Кездесуге қатысушылар электр желілерінің техникалық жағдайын тексеру, электр энергиясының жиі өшу себептерін анықтау және ауылды үздіксіз электрмен қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау керектігін атап өтті.
Екінші мәселе ауылдық клубтың мәселесі болды
Ауылдағы мәдениет және демалысқа арналған жалғыз мекеменің жағдайы бүгінгі таңда сын көтермей тұрған көрінеді. Тұрғындардың мәліметінше, клубта соңғы косметикалық жөндеу жұмыстары шамамен он жыл бұрын жүргізілген. Қазіргі уақытта шатырынан су ағып кеткен. Ал ағаш едендері шірііп, сахнасы бүлініп жатыр,-дейді тұрғындар. Қажетті жабдықтар мен проекциялық экранның болмауы да мекеменің мүмкіндіктерін шектеп тұрған көрінеді. Салдарынан ауыл тұрғындары үшін көрсетілетін фильмдер тура ақ түспен боялған қабырғаға көрсетілу үстінде екен. Ауылдық клуб – қоғамдық іс-шаралар өтетін және тұрғындардың бос уақытын ұйымдастыруға арналған маңызды орын. Оның қазіргі жағдайы ғимаратты техникалық тексеруден өткізуді, қажетті жөндеу жұмыстарының көлемін анықтауды және жөндеуді қаржыландыру мәселесін қарастыруды талап етіп отыр.
Келесі Балабақша мәселесі
Кездесуге қатысушылар мектепке дейінгі білім беру мекемесінің жоқтығына да ерекше назар аударды. Жергілікті мектеп жанында 15 балаға арналған шағын орталық жұмыс істейді. Алайда ол тек сағат 12:00-ге дейін ғана қызмет көрсетеді екен. Себебі мұнда балалардың тамақтану мәселесі еш қарастырылмаған. Тұрғындардың айтуынша, толыққанды балабақша ұйымдастыру әрекеттері түрлі кедергілерге тап болуда. Қолданыстағы нысан мемлекеттік талаптарға сәйкес келмейтіндіктен, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет тиісті рұқсат бермеген. Соның салдарынан отбасылар балаларын мектепке дейінгі біліммен қамту және жұмыс күні бойы оларға қажетті күтім көрсету үшін тиісті жағдайларға қол жеткізе алмай отыр. Мәселені шешу үшін қолданыстағы ғимаратты белгіленген талаптарға сәйкестендіру мүмкіндігін анықтау немесе басқа нысанды салу не қайта жабдықтау қажеттілігін қарастыру керек. Бұл ретте қауіпсіздік талаптарымен қатар ауылдық отбасылардың нақты қажеттіліктері де ескерілуі тиіс.
Балаларға қауіпсіз ойын алаңы қажет
Мұнда тұрғындар ауылда балаларға арналған ойын алаңының мүлдем жоқ екенін де атап өтті. Балалардың таза ауада белсенді демалуы үшін жабдықталған арнайы орын қарастырылмаған. Балаларға арналған базалық инфрақұрылымды қамтамасыз ету – жай ғана абаттандыру мәселесі емес, балалы отбасылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастырудың маңызды бөлігі. Бұл тұрғыдан ЖСДП-ның ұстанымы тұрғындардың өтініштері нақты нәтижеге әкелуі тиіс. ЖСДП Батыс Қазақстан облыстық филиалында көшпелі кездесулер халықтың мәселелерін тікелей жергілікті жерде зерделеуге және оларды жауапты мемлекеттік органдардың қарауына ұсынуға мүмкіндік беретінін атап өтті. «Біздің басты мақсатымыз – азаматтар мен билік арасындағы байланысты қамтамасыз етіп, жергілікті жерлердегі мәселелердің нақты шешілуіне қол жеткізу. Чувашин ауылындағы жағдай, ең алдымен, электрмен жабдықтау мәселесі бойынша ерекше назар аударуды қажет етеді. Қолайсыз ауа райы кезінде электр энергиясының жиі өшуі қыс мезгілі қарсаңында тұрғындардың алаңдаушылығын туғызуы орынды. Апаттардың себептерін анықтап, желілердің жағдайын бағалап, электрмен сенімді қамтамасыз ету бойынша нақты шараларды белгілеу қажет. Сонымен қатар ауылдық клубты жөндеу, толыққанды мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыру және балалардың бос уақытын өткізуіне жағдай жасау мәселелері де шешімін табуы тиіс», – деп атап өтті ЖСДП БҚО филиалында. Партия өкілдерінің пікірінше, ауылдық инфрақұрылым мәселелері кешенді түрде қарастырылуы керек. Шағын елді мекендердің тұрғындары да қала халқымен бірдей қауіпсіз өмір сүруге, құқылы. Көшпелі кездесу қорытындысы бойынша ЖСДП БҚО филиалы тұрғындардың өтініштерін тіркеп, құзыретті органдардың қарауын қажет ететін бірқатар мәселені белгіледі. Филиал жергілікті әкімдікке, өңірлік энергетикалық компанияға, білім басқармасына және басқа да тиісті мемлекеттік органдарға ресми өтініштер мен резолюция жолдауға уәде етті.
ЖСДП Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының өтініштерімен жұмысын жалғастырады. Ауылдық инфрақұрылымның жай-күйі, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі мен азаматтардың қауіпсіздігі формалды жауаптарды емес, жүйелі іс-қимылдар мен нақты нәтижелерді талап етеді. Көшпелі кездесулер мәселелерді тікелей жергілікті жерде анықтауға және тұрғындардың үнінің жауапты органдарға жетуіне ықпал етеді.
Динара Абенова, БҚОФ ЖСДП баспасөз қызметі