Экологтың пікірі өте маңызды

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының мүшесі Ажар Сағандықова Каспи теңізінде итбалықтардың қырылуына байланысты жергілікті экологпен кездесті.

Маңғыстау облысы бойынша эколог, «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесінің директоры Осин Кирилл мен Мәжілісімен, Парламенттің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Ажар Бақытқызы Каспи теңізіндегі итбалықтардың қырылуы мен теңіз суының ластануы турасында еркін пікір алмасты.
Эколог Осин Кириллдың сөзінше итбалықтардың жаппай өлімі жыл сайын бір ғана уақытта қайталанатындығы байқалған. Айтуынша мұндай жағдай наурыздың аяғы — сәуірдің басы аралығында орын алады екен. Оның сөзінше бұл жағдай Солтүстік Каспийдегі мұздың еруі салдарынан болатын көрінеді. Дегенмен тараптар теңіз суының құрамының өзгеруі де көпмәселе туғызатынын айтты. «Теңіз жануарларының қырылуы тек итбалықпен ғана шектеліп отырған жоқ. Келеңсіз жағдайлар өзге де су асты тіршілігінің өмірлік ортасының бұзылғанын байқатады. Сондықтан Каспи жағалауы елдері бірігіп кешенді тексерулер мен ғылыми бағдарламалар негізінде жұмыс жасағаны дұрыс. Біз осы позицияны қолдайтын боламыз»,-деді ЖСДП фракциясының мүшесі Ажар Сағандықова.

ЖСДП баспасөз қызметі