14 қазан күні ЖСДП-ның Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту: қазіргі жағдайы, инвестициялар және қоғамдық бақылау» тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шараға Zoom арқылы ЖСДП Орталық аппаратының басшысы Нұрлан Жабаев та қатысып, өз ойын ортаға салды.
Кездесу барысында өңірдегі инженерлік инфрақұрылымның жай-күйі, оны жаңғырту, инвестиция тарту және коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
Жиында халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, тұрғындардың негізгі коммуналдық қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге және қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру мәселесіне жіті назар аударылды.
"ЖСДП үшін инфрақұрылымды дамыту — тек техникалық міндет емес, мемлекет пен қоғам арасындағы жауапкершіліктің маңызды бөлігі. Халықтың тұрмысын оңтайландыруға әрекет жасау партияның басты мақсаты",-деді шара барысында ЖСДП Орталық аппаратының басшысы Нұрлан Жабаев.
Жол, су, жылу және электр энергиясы сынды базалық қызметтердің сапасы әрбір азаматтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететіні анық.
Инфрақұрылымға салынған инвестиция нақты нәтижемен өлшенуі тиіс. Ал қоғамдық бақылау — сол нәтижеге қол жеткізудің маңызды тетігі.
ЖСДП БҚО баспасө қызметі