ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының мүшесі, Ажар Сағандықова Маңғыстау өңіріне жасаған сапары барысында Ақтау қаласында орналасқан Каспий итбалығын ғылыми зерттеу және сауықтыру орталығына барды.
Аталмыш орталық Каспи итбалықтарына көмек көрсететін Қазақстандағы бір ғана мекеме. Мұндағы маман, орталықтың инженер технигі Бегалы Семирхановтың баяндауынша қазір орталықта итбалықтар жоқ. Егер теңізде қандай да бір келеңсіз жағдайлар орын алатын болса дереу әрекет жасауға дайын екендерін айтты. Мәжіліс депутаты Ажар Бақытқызы маманнан орталықтың бүгінгі ахуалын сұрап, мәселелердің бар-жоғын нақтылады.
«Итбалықтардың жағаға шығып қалғанын не олардың өмір сүру ортасына төнген қауіпті сіздер қайтып анықтайсыздар? Жалпы зерттеу әрекеттерін қалай жүргізесіздер. Сонымен қатар, соңғы рет мұнда итбалықтар қай уақытта болды? Осыны білгім келеді»,-деді Ажар Бақытқызы инженер техникке қарап. Оның сөзінше итбалықтарды зерттеу жұмыстары көктемінде, нақтырақ айтсақ наурыз айында болған. Үйірінен қалып қойған жануарларды орталыққа әкеліп, зерделеп, тексеріп денсаулығын да бақылаған. «Біз итбалықтардың денсаулын зерттеп қажет болса қолдан тамақтандырып отырдық. Жұмыстар аяқталған соң жануарларды өз ортасын қайта жібереміз. Біздің оларды орталықта ұзақ уақыт бойына ұстап, ары қарай зерттеуге мүмкіндігіміз жоқ.»,-деді маман.
Әрине мұндай орталықта итбалықтарды толыққанды бастан-аяқ зерттеуге мүмкіндік болмайтынын депутаттың өзі де көрді. Айналасы 60 шаршы метрден аспайтын орталықта мүмкіндік қалай болсын? Білуімізше мамандардың өзі тек қыс мезгілдерінде ғана жұмысқа тартылатын көрінеді. Мәжіліс депутаты маман тарту мәселесін де сұрап білді. - Бізге негізі ветеринарлар қажет. Өкініштісі сол, Маңғыстаудан осы жануарлар дүниесіне қызығатын маман таппаймыз. Келмейді. Бірінші жалақы төмен, екінші мүлде қызықпайды. Бұл ғылым саласы екенін көбі түсінбейді. Қыста арнайы экспедицияға жиі шығамыз. Көп жағдайда шетел азаматтары келеді. Себебі бізде манан да қызығушы адам да жоқ - дейді орталықтың инженер технигі Бегалы Семирханов.
«Ғылым саласын мерзімді жұмысқа байлау бұл өте үлкен қателік. Ғылым ешқашан тоқтамауы керек. Мысалы итбалықтаң өмір сүретін ортасы мен олардың азық қорында, денсаулығын да анықтап үнемі жазып отыру маңызды. Тіпті әр үйірге кем дегенде 5-6 бақылаушы датчиктер орнатылуы керек. Бұл өте маңызды. Ғылымның бір орында тұрып қалуы жүйелік қате»,-деді ЖСДП фракциясының мүшесі.
Инженер технигтің айтуынша осыдан екі жыл бұрын аталмыш орталықта оңалтудан өткен екі итбалыққа бақылау датчигі қойылған. Бірақ қазір құрылғылардың істен шығып қалуына байланысты бақылау да жүргізілмей отырған көрінеді. Мәжіліс депутаты итбалыққа байланысты мәселелер мен нақты танысып, жануарлар мен оларды қорғауға байланысты ғылыми бағыттағы шаруаларға алдағы жұмыс уақытында бел шеше кірісетіндігін жеткізді.
ЖСДП баспасөз қызметі