Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасымен мұқият танысып, оны елдің Тәуелсіздік жолындағы дамуы үшін маңызды әрі тарихи кезең деп бағалайды.
Конституция жобасында адамға бағытталған нақты ұстанымдардың жүйелі түрде көрініс табуы аса маңызды болып отыр. Құжатта адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық екені тайға таңба басқандай етіп айқын көрсетілген. Ал мемлекеттің міндеті, осы адам құқықтардын бағалап оны сақтау және қорғау болып отыр.
Қазақстан Республикасы өзін әлеуметтік мемлекет ретінде тағы да нақтылады. Азаматтардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, әлеуметтік тұрғыдан қорғауды қамтамасыз етуге, еңбек пен денсаулықтарына кепіл болатыны нақтыланды. Бұл заң алдындағы теңдікті сақтау жолындағы аса мол жауапкершілік екенін көрсетті.
Тағы бір маңызды дүние Конституция жобасында әлеуметтік құқықтар адамның ажырамас құндылықтарының бір бөлігі ретінде енгізілуінде. Бұл еңбек ету мен әділетті еңбек жағдайында болудың кепілі. Әлеуметтік қамсыздандыру, медициналық көмекке қол жеткізу, азаматтардың еңбекке қабілеттілік жағдайынан айырылуы кезінде мемлекет тарапынан қолдау көрсетеді. Осылайша әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтардға қамқор болудың жаңаша үрдісі жүйеленбек. Бұл нормалар Қазақстандағы социал-демократтар партия құрылған күннен бастап көтеріп келе жатқан әлеуметтік бастамалар тұғын. Әділеттілік, ынтымақ және еңбек адамына құрмет қағидаттары партияның басты ұстанымы.
Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік институтты қалыптастырудың күрделі жолынан өтті. Бүгінде ел дамудың маңызды кезеңінде тұр. Осы сәтте аса жоғары әрі дәл сараланған конституциялық нормалар тек саяси жүйеде ғана емес, азаматтардың мемлекетке деген сеніміне тікелей әсер ететін әлеуметтік маңызды қадам болып отыр.
Социал-демократтар үшін Конституция жобасында көрсетілген адамға негізделген мемлекет пен әлеуметтік жүйе қағидаттарының жай ғана сөз жүзінде қалмай, нақты мемлекеттік саясаттың негізіне айналуы өте маңызды. Біз осыларды бүгінгі тарихи таңдаудың басты мәні мен жауапкершілігі деп білеміз.