2025 жылдың 14 тамызы күні Қонаев қаласында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ЖСДП фракциясының мүшесі, Наурыз Сайлаубай Қапшағай су қоймасы-на барып, № 6 жағажайында жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлермен кездесті. Кездесуде жағалау аймағын абаттандыру, инфрақұрылымды дамыту мен бизнестің құқығын қорғау мәселелерін талқыланды. Кездесуге Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердиханов, «Атамекен» кәсіпкер-лер палатасының өкілдері, «Жасыл қала» ШЖҚ МКК, ЖСДП Алматы облыстық филиалының активі және жағалау маңында кәсіп жасап жүрген азаматтар қатысты.
Наурыз Сайлаубай Қапшағай су қоймасының туристік әлеуетін дамытудың түйткілді тұсын бизнес өкілдерімен бірлесе талқылады. Пікір алмаса келе депутат, осы салаға қаржы құйып, шаруа жасап жүрген азаматтарға құрметпен қарау ке-ректігін атап өтті:
«Жағалау аймағын дамытамыз деп кәсіпкерлердің құқықтарын шектеуге бол-майды. Керісінше мұндай іскер жандармен әріптестік орнатып, сол арқылы тиімді шаруа істеуге күш салуымыз керек. Туризмді дамытуға өз күшімен, қаражатын жұмсап жүрген азаматтардың мүдделері қорғалуы тиіс. Олардың нәтижелі жұмы-стары бағалануы керек», — деді депутат.
Кездесудің бастамашыларының бірі, кәсіпкер Камбар Байкенов, туризм сала-сының басқарылуы тиісті құрылымда болуы керектігін атап өтті:
«Туризм — бұл өз стратегиясы мен тәсілдерін қажет ететін бөлек бағыт. Бұл мәселені ТКҚ емес, туризм бөлімі қадағалауы тиіс. Сонда ғана жағалау аймағын жүйелі түрде дамытып, туристерді тарта аламыз», — деді ол.
ЖСДП Алматы облыстық филиалының төрағасы Нұрым Көмекұлының ай-туынша филиал үш жылдан астам уақыт бойы су қоймасы жағалауында жұмыс істейтін кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаумен айналысып келе жатыр.
«Бүгінде Қапшағай жағалауында тұрақты жұмыс істейтін 42 адам өз биз-несінен айырылу қаупінде тұр. Біз бастапқы кезден-ақ өз бетінше жұмыс орындарын құрып, туризмді дамытып жүрген азаматтардың құқықтарын қорғаумен айналыстық. Бұл мәселе әділ шешілгенше, олардың мүдделерін қорғауды жалғастыра беретін боламыз», — деді ол.
Өз кезегінде Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердиханов кәсіпкерлердің жұмыссыз қалмайтынын атап өтті.
«Біз екі жақты келісімшарттарды бес жылға ұзартамыз деп шешім қабыл-дадық. Жағалауда жүргізілетін реконструкциядан кейін олар өз орындарына ора-лып, жұмысын жалғастыра беретін болады», — деп уәде берді әкім.
Ал кәсіпкерлер өздерін мазалайтын басты мәселелерді де депутат пен әкімнің алдында атап өтті. Атап айтқанда инженерлік коммуникациялардың жоқтығы бір бөлек әңгіме. Ал маңайды абаттандыру мақсатындағы кәсіпкерлердің әрекеті әкімшілік шектеулерге ұшырап аяқсыз қалады екен. Бұл мәселені де қала әкімдігі оңтайлы жолмен реттеп, тиісті мекеме өкілдері кәсіп иелерімен мәселелерді бірлесе шешуге дайын екендерін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар төмендегідей бірнеше келісімдерге келуге уағдаласты.
1 - Маусымның соңына дейін № 6 жағажайды дамыту жоспарын дайындау;
2 - Бизнес саласындағы құқықтардың сақталуын тұрақты бақылауды ұйымда-стыру.
ЖСДП Алматы облыстық филиалы мен Наурыз Сайлаубай Қапшағай жағалау аймағын дамыту бойынша кәсіпкерлердің мүдделерін қорғауды және жүйелі өз-герістерге қол жеткізуді жалғастыру. Бұл айтылған мәселелер ЖСДП тарапынан үнемі бақылауда ұсталмақ.
ЖСДП Орталық аппаратының баспасөз қызметі