«Қамқорлық бар жерде – даму бар» дегендей, қоғамның даму деңгейі, ең алдымен, оның әлеуметтік әлсіз топтарға деген көзқарасымен өлшенеді. Осы қағиданған Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) Абай облыстық филиалы мен төрағасы Рүстем Сарманов әлеуметтік қолдау науқанын ұйымдастырды. Шараға филиал маманы Қуаныш Хозаев те белсене араласып тұрғындарды қайырымдылық пен жанашырлыққа үндеді
Біршама уақыттан бері жүргізілген жұмыс нәтижесінде жылы киім-кешек, азық-түлік пен қажетті тұрмыстық заттар жиналған. Бүгін партия өкілдері осы бұйымдарды Семей қаласының әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға – көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға тараттты. Бұл – тек бір реттік көмек емес, қоғамдағы өзара жауапкершілік пен бірлікті нығайтатын маңызды қадамның бірі екендігіне негіз болып отыр.
Партия төрағасы «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия үшін әлеуметтік қолдау – науқандық шара ғана емес, партияның негізгі саяси ұстанымы. Біз әлеуметтік теңсіздікке бейжай қарай алмаймыз. Мемлекет пен қоғам әлсіздерді қорғағанда ғана әділетті бола алады. Сондықтан партия белсенділері халықты тек бақылаушы болуға ғана емес, нақты іске араласуға шақырады», – деді.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия алдағы уақытта да әлеуметтік қолдауды күшейтуге, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдауды ұстанады. Біз әрбір азаматтың лайықты өмір сүру құқығы бар деп есептейміз. Әлеуметтік әділет – сөзде емес, нақты істе көрінуі тиіс.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – халықпен бірге!
*Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Абай облыстық филиалы Хозаев К.Н.