Қостанай тұрғындары қоқыс шығаруға артық ақша төлеп келген

Қостанайда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифінің көтерілуін Сот отырысында заңсыз деп танығанына қарамастан, қала тұрғындарын жаппай қайта есептеу мәселесі алаңдатуда.

2024 жылдың соңында қалалық мәслихат шешімі бойынша қоқысты шығаруға жаңа тариф бекітілді, ол кезде баға бірден 53 пайызға көтерілді, оның ішінде көп пәтерлі үйлердің тұрғындары үшін тариф айына бір адамға 404,25 теңгеден 619,64 теңгеге дейін өсті. Жеке сектор тұрғындары үшін қызмет құны бір адамға айына 482,16 теңгеден 739,05 теңгеге дейін ұлғайды. 2025 жылғы 3 желтоқсанда Қостанай мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жаңа тарифті бекіту туралы шешімді заңсыз деп таныды.

Сот есептеу кезінде белгіленген Әдістеменің бұзылуына жол берілді деген қорытындыға келді. Анықталған бұзушылықтардың арасында тарифке енгізілмеуі тиіс шығындар, сондай-ақ есептеулерді қарастыру кезінде ескі деректер пайдаланылғаны анықталған болатын. 2026 жылы ақпанда облыстық сот тарифті көтерудің заңсыздығын іс жүзінде растай отырып, шешімді өзгеріссіз қалдырды. Тариф бағасының түсуіне қарамастан, Қостанай тұрғындары үшін басты сұрақ бұл: заңсыз деп танылған тариф бойынша төленген қаражат жаппай қайта есепетеле ме?

Көтерілген тарифпен төлем жасау 2025 жылдың қаңтарынан 2026 жылдың ақпан айына дейін созылды. Осыған байланысты тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті сотқа заңсыз тарифтің қолданылуы кезіндегі есептеулерді қайта қарауды талап етіп,процесс барысында даулы шешімге әсер етуі мүмкін 220 мыңнан астам абоненттік шоттар туралы мәліметтер ұсынды. Талап қоюшының ұстанымы қарапайым қағидаға негізделді: егер тариф заңсыз деп танылса, онда оның негізінде жасалған қызмет ақысын қайта есептеу. Осылайша, бүгінгі күні қала тұрғындары тарифтің қолданылу кезеңінде артық төленген қаражатты автоматты түрде қайтара алмады. Төлеңген сомманы қайта есепеу тек коммуналдық кәсіпорын кеңсесіне келіп, өтініш жазған жағдайда қарастырылады екен. Ал бұл жағдай көпшілік тұрғындарға ыңғайсыз.

«Тұрғындар келген коммуналдық шоттарды уақытылы төлеп, басым көпшілігі тарифтің заңсыз көтерілгенін де білмейді.Онымен қоса қазір жұмыс басты адамдардың, зейнеткерлердің, мүгедектердің коммуналдық мекемеге барып, өтініш жазуыға не уақытттары не мүмкіндіктері жоқ. Осы жағдайда барлығына бір жола есептеу қажет қой» - дейді Аэропорт шағын аудынының тұрғыны.

«Тарифты заңсыз көтергенін білмедік те, кезінде 3450 тг төлеп едік, қазір 2600 тг төлеудеміз. Неліктен мен уақытымды кетіріп,қаланың бір шетінен, екінші шетіне баруым керек? Тарифты заңсыз көтергенде ешқандай өтініш жазғанымыз жоқ,дәл солай неге автоматты түрде барлық тұрғындарға қайта есептеу өткізбеске?» - деп қала тұрғыны Василя Джумабекова наразылық білдірді.

ЖСДП Қостанай облыстық филиалының төрағасы Дамир Сәтбайұлы Жақанов қала тұрғындарының басым көпшілігі белгіленген тарифтің заңсыз екенін әлі күнгі дейін белмегенін атап өтті.

"Сауалнама нәтижесінде түсінгеніміздей қала тұрғындары бұл жағдайдан мүлде бейхабар. Олар тек өздеріне келген шоттарды төлеп отырған. Осы уақытқа дейін азаматтар қойылған төлемдердің не заңды не заңсыз екеніне назар аудармаған. Әрине төлем келсе болды оны төлеуіміз міндетті. Көбіміз оны мәніне үңілмеймізғой. Сол құсаған тұрғындар сеніп төлем жасай берген. Бәрі заңды деп ойлаған", - деп атап өтті ЖСДП облыстық филиалының төрағасы.

Оның айтуынша, партия бұл мәселені қоғамдық бақылауда ұстауды жалғастыруға ниетті.

Қазірде мәселені түпкілікті жабық деп санауға болмайды. Бүгінгі таңда Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті сот шешіміне апелляциялық шағымдануға ниет білдірді.

Бұл жағдай тек Қостанай тұрғындарының ғана емес, ел бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау тәжірибесін қалыптастыру да осы мәселенің шешіміне байланысты. Тарифтердің кез келген жағдайда өсуі экономикалық тұрғыдан негізделген, халық үшін түсінікті және заң талаптарына сәйкес болуы тиіс.

ЖСДП Қостанай облыстық филиалы азаматтардың құқықтарын қорғау басты басымдық болып қалуы тиіс деп санайды. Тұрғындар билік органдары шешім қабылдаған кезде жіберілген қателіктердің салдарынан зардап шекпеуі керек. Егер тарифтің заңдылығына күмән тудырылса және сот шешімдерімен расталса, мемлекет тұтынушылардың құқықтарын әділ және заңды қалпына келтіруді қамтамасыз етуге міндетті.

ЖСДП Қостанай облыстық филиалының баспасөз хатшысы Ермуханова Гульжихан