Сайлаушылармен ашық диалог: Азаматтарды кибералаяқтықтан қорғау

ЖСДП сайлауалды науқаны аясында «Азаматтарды кибералаяқтықтан қорғау: кандидаттардың сайлаушылармен диалогы» тақы-рыбында сұхбат алаңы ұйымдастырылды.

Онда заң қоғамдастығының өкілдері, интернет алаяқтардың әрекетінен зардап шеккен азаматтар, қоғамдық ұйымдар, партия активі, ЖСДП жақтаушылары, БАҚ және блогерлік қоғамдастық өкілдері бас қосты.

Кездесу барысында Құрылтай депутаттығына кандидаттар Аслан Құлмағамбетов, Ажар Сағандықова және Нұрлан Әубәкіров қатысушы-лармен кең таралған кибералаяқтық схемаларын, жәбірленушілердің құқықтарын қорғау мәселелерін, заңнаманы жетілдіру жолдары мен ха-лықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі шараларды талқы-лады.

Кездесуде ЖСДП Қарағанды облыстық филиалының төрағасы, Құрылтай депутаттығына кандидат Нұрлан Әубәкіровтің тәжірибесіне ерекше назар аударылды. Оның бастамасымен жергілікті атқарушы ор-гандар, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚРҚНРДА), құқық қорғау органдары және екінші деңгейлі банктер өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Жәбірленушілермен бірге олардың құқықтарын қорғау, өтініштерді сүйемелдеу және туындаған проблемаларды шешудің заңды жолдарын іздеу бойынша нақты жұмыс жүргізілді.

Осы бірлескен жұмыстың арқасында кибералаяқтардың әрекет-тері салдарынан зардап шеккен 273 азамат үшін заңсыз ресімделген кредиттік міндеттемелерді есептен шығару туралы шешім қабылдауға қол жеткізілді.

Кездесуге қатысушылар цифрлық алаяқтықпен тиімді күрес заңнаманы жетілдіруді ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің, банк секторының, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың және азаматтардың өздерінің өзара тығыз іс-қимылын талап ететінін атап өтті. ЖСДП дербес деректерді қорғауды күшейтуді, киберқылмыстар үшін жауапкершілікті арттыруды, жәбірленушілерді қорғау тетіктерін жетілдіруді және халықтың қаржылық сауаттылығы бағдарламаларын дамытуды қолдайды. Азаматтармен ашық диалог, өзекті мәселелерді талқылау және нақты шешімдерді іздеу ЖСДП сайлауалды бағдарламасының маңы-зды бөлігі және қоғам мүддесі үшін біздің жұмысымыздың негізі болып қала береді.

ЖСДП Орталық сайлауалды штабының баспасөз қызметі