
ЖСДП төрағасы Асхат Рахимжанов ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында, Үкіметтің есебін қатаң сынға алды.
Ол ел кедейшілік жағдайында өмір сүріп жатқанын, мемлекеттің халықты қолдау шараларының тиімсіздігі мен күнкөріс минимумы халықтың шынайы қажеттіліктеріне сай келмейтінін және өзге де есеп нәтижелерінің мүлде жағдаймен сәйкес еместігін басып айтты.
«ЖСДП есебі бойынша аса қажетті тұтыну себеті кем дегенде 115 710 теңгеге сай болуы тиіс»,-деді депутат.
«Жыл өткен сайын Үкіметтің есептерінде әдемі сандар мен жетістіктер айтылғанымен, өкінішке қарай, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі жақсармай отыр. Ресми деректерге сүйенсек, 2015 жылы кедейлік деңгейі 2,7% болған, ал қазір – 5,1%-ға жеткен. Ал бұл көрсеткішке қолында бірнеше тауық не қойы бар өз күнін өзі көріп отырған азаматтар мүлде кірмей қалып отыр. Тұтынушылық несие алушылардың саны күн санап өсуде. Адамдар банк арқылы несиеге теледидар емес, нан мен сүт алатын жағдайға жетті. Ал әлеуметтік маңызы бар тауарларды арзандату саясаты – формальді сипатта ғана қалып отыр. Супермаркеттердегі тауарлар бәріне қолжетімді болып көрінгенімен, нақты мұқтаж адамдар үшін шын мәнінде баға қолжетімсіз болып тұр. Қазынадан қанша қаражат осы бағытқа деп жұмсалғанымен жағдай мәс емес»,-деді Асхар Рақымжанов.
Сонымен бірге, партия төрағасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын арзандату саясатын түбегейлі қайта қарау қажет екенін тілге тиек етті. Ол қазіргі таңда 29 негізгі қажетті делінген тауар түрімен біріккен. Қазір осы тауарлардың бағасын барлығына бірдей төмендетілетінін және баға деңгейінде ұстап тұрудың мүмкін еместігін ескертті. Ал шын мұқтаждар сол арзандатылған азық-түлік түрлерін мүлде ала алмай қалатын да айтты.
«ЖСДП бұған дейін де бірнеше рет мәселе көтерді: ең төменгі әлеуметтік стандарттарды қайта қарау керек. Тіршілік минимумы дейтін ең төменгі жалақы тұтыну себетіне сай келуі тиіс. Біз еліміз бойынша баға мониторингін ай сайын жүргіземіз. Біздің есептеуіміз бойынша, күнкөріс минимумы 115 710 теңге болуы керек. Алайда, үкімет өз есебінде қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатын толық ашып көрсетпейді. Мәлімделген экономикалық және әлеуметтік нәтижелер жалпылама айтылып, көптеген сала мүлде ашылмайды. Мемлекеттің тұрақты даму саясатына талдау жүргізілмейді»,-деді Асхат Нұрмағамбетұлы.
Сондай-ақ Қазақстанда азық-түлік стандарттарының халықаралық талаптарға сай емес екенін айта келе ол депутаттардың назарын өзге елдердегі тұтуну себетінің құнына аудартты. Францияда ең төменгі тұтыну себетінде 500-ден астам өнім атауы бар болса біздегі тұтыну себеті әупірімдеп күн көруге жасалған жиынтыққа ұқсайтынын айтты.
Бұдан бөлек, ЖСДП төрағасы ірі жобаларға қыруар қаражат жұмсалып ақыр соңында жұмыс істемей қаңырап бос тұрғанын назарға алды. «Мысалы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында 6 бірдей кәріз құрылысы бос тұр – себебі оларға су бұру желілері тартылмаған. Бұл жұмыстарға қазынадан 6 миллиард теңге жұмсалған. Ал 13 өңірде су бұруға арналған 35 жобаның құны 70 миллиард теңгеге қымбаттап кеткен. Мұндай қаржыны ысырап ету және тиімсіз басқару мысалдары, өкінішке қарай, көптеп келтіруге болады»,-деді депутат. Сонымен қаса ЖСДП төрағасы Үкімет есебінің тек оң бағыттар негізінде емес халықтың өмір сүру деңгейі мен жалпы ахуалы бағытында шынайы жасалуын талап етті. Одан бөлек, бюджет қаражатын бөлу кезінде мемлекеттік органдардан халық алдында ашық әрі есептілігі туралы талабын күшейтуі керектігін сұрады. Қос палатаның біріккен отырысындағы баяндамасын қорытындылаған депутат Асхан Рахымжанов, «біз, ЖСДП фракциясы, Жоғарғы аудиторлық палатаның есебін қабылдаймыз, бірақ Үкімет есебіне қарсы дауыс береміз»,-деді.
ЖСДП баспасөз қызметі