
ЖСДП-ның Астаналық филиалында көпқабатты тұрғын үй кешенінденің жылыту жүйесіне байланысты дөңгелек үстел өтті.
Жиын барысында сарапшылар мен сала мамандары тарифтік саясаттың әділетсіздігі, инфрақұрылымдағы жауапкершілік пен бұлыңғыр әрекеттер, сондай-ақ инвестициялық бағдарламалардың күмәнді сипаты барысында ашық әңгіме өрбітті. Жылудың бағасы өсіп жатқанымен сапа неге өзгермейді?,-дейді Энергетик саласы бойынша сарапшы Юрий Страхов, мәселеге тереңірек тоқталып. Оның айтуынша, «инвестициялық бағдарлама» деген желеумен тарифке қосылатын қаржы шын мәнінде жылу жүйесін жаңартуға емес, басқа мақсаттарға пайдалану екен. «Амортизациялық қор – бұл тұтынушының өз ақшасы. Бірақ сол қаражат тұрғынүйге қатысты жаңа құрал-жабдыққа емес, кеңсе жиһазы, мүлік, қосалқы ғимараттар алуға кетіп жатыр. Бұл – әділетсіздік», – дейді сарапшы. Оның сөзінше, мұндай жағдайда амортизациялық шығындар көбейіп, олар автоматты түрде тарифке қосылады. Ал тұтынушы жыл сайын сол үшін негізсіз жоғары төлем жасауға мәжбүр болып отыр.
«Өмір бойы жалғасып келе жатқан әділетсіздік сияқты...» Сарапшылар бұл жағдайдан шығудың бір жолы ретінде тұтынушыларды жүйенің үлескеріне айналдыруды ұсынды. Яғни, тұрғындардан жиналған инвестициялық қаржыға сай акция берілуі керек. Бұл тұтынушыны тек төлеуші емес, жүйеге қатысушы ретінде көруге мүмкіндік береді. «Бұрын мұндай ұсыныстар айтылған. Атап айтар болсақ Павлодар қаласында кейбір монополистер бұл ұсынысқа түбегейлі қарсы шыққан. Біз өткен жылы төлеген қаражатымыз сол күйі белгісіз қалыпта кетті. Енді міне қайтадан тариф өсіріліп отыр. Осы тетікті кім, қашан, қайда ойлап тапқаны түсініксіз. Бұл өмір бойы жалғасып келе жатқан әділетсіздік сияқты», – деді сарапшы Ю.Страхов. Шара барысында көтерілген тағы бір маңызды мәселе – жабдықтарды күтіп-ұстау міндеті болды. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 487-бабында тұтынушыға жылу бөлмедегі батареяға дейін жеткізілуі тиіс деп көрсетілген. Алайда іс жүзінде жылу алмастырғыш пункті мен үй ішіндегі тарату жүйелері МИБ (Мүлік иелері бірлестігі) немесе басқарушы компанияның құзырында болып отыр. Яғни, сорғы, жылу алмастырғыш, ішкі құбырларды күтіп ұстау – бұл тұрғындардың ортақ жауапкершілігі. Ал жылу алмастырғыш – бұл жылу жеткізуші мен тұтынушы арасындағы шекара. Одан арғы жүйелерге жауапты – МИБ пен басқарушы компания, – дейді Астаналық филиал төрағасы Талғат Омаров. Оның айтуынша, бұл шекараны көп жағдайда тұрғындар білмеуі де мүмкін, немесе ол жағына бас қатырып жатқан адам жоқ. Ал шын мәнінде бұл өз кезегінде қызмет көрсетуші мекемелердің негізсіз талап қоюына алып келуде. Не істеу керек? Дөңгелек үстелге қатысушылар назарын аударған жайттың тағы бірі – жаңадан салынған тұрғын үйлердегі жылу инфрақұрылымының жағдайы. Бүгінде жаңа тұрғын үйлер саны көбейіп жатқанымен, жылу инфрақұрылымы соған сай дамымай отыр. Жергілікті атқарушы органдар жылу маусымы басталар кезде есеп жүргізіп, жүйенің қуатын нақтылап отыруы тиіс. Кейбір жаңа үйлерде автоматтандырылған жылу пункттері орнатылған. Алайда бұл жабдықтардың тиімді жұмыс істеуі үшін қалалық жылу желісіндегі қысым айырмасы кемінде 2 кгс/см² болуы керек. Бұл талап орындалмаса, жылу жүйесінің тиімділігі күрт төмендейді, деді ТКШ (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы) бойынша сарапшы Айтуар Карагулов.
Сарапшылар ұсынған шешімдер Кездесуге қатысушылар бірнеше нақты ұсыныс айтты. Олардың алғашқысы, инвестициялық қаржының нақты мақсатта жұмсалуын бақылау;
- Екінші: Тарифтің негізсіз өсуіне жол бермеу;
- Үшінші: Жергілікті билік тарапынан инфрақұрылымдық есептеулер жүргізуді міндеттеу;
- Төртінші: МИБ пен басқарушы компаниялардың техникалық міндеттерін нақтылау;
- Бесінші: Тұтынушыны жүйедегі үлескерге айналдыру.
Кездесу соңында Астаналық филиал төрағасы Талғат Омаров:
«Жылумен қамтамасыз ету – бұл тек техникалық жүйе емес, сенім мен әділеттілікті талап ететін сала. Сондықтан, жауапкершілік нақты бөлінуі тиіс, тұтынушы өз ақшасының қайда жұмсалып жатқанын білуі керек. Осылай ғана біз тұрғындарға әділ, тиімді әрі сенімді жылу жүйесін ұсына аламыз», - деп түйіндеді.
ЖСДП Астаналық филиалы