
ЖСДП Ақмола облыстық филиалында Көкшетаулық педагогтердің кәсіби дамуына арналған дөңгелек үстел өтті.
2025 жылдың 18 маусымында Ақмола облыстық ЖСДП филиалының бастамасымен «Педагогтердің біліктілігін арттыру: сын-қатерлер, тәжірибелер, шешімдер» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды. Бұл жиын қазіргі білім беру жүйесінің маңызды мәселелерінің бірі – педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру және біліктілікті арттыру жүйесін жетілдіру төңірегінде ой-пікір алмасуға арналды. Іс-шараның мақсаты – білім саласында қызмет етіп жүрген мамандардың пікірін тыңдау, біліктілікті арттыру курстарының мазмұны мен қолжетімділігіне қатысты мәселелерді саралап, нақты ұсыныстар әзірлеу арқылы мұғалімдердің кәсіби дамуына қолайлы жағдай жасау жолдарын қарастыру болды. Жиынға жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, біліктілікті арттыру институттарының қызметкерлері, сондай-ақ білім қызметкерлерінің кәсіподағы мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, педагог кадрларды дамытудағы кедергілер мен әлеуетті мүмкіндіктер туралы ой қозғады. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы педагогтердің біліктілігін үздіксіз арттыру орталығының әдіскері. Сабыркенова Милана Ол курстардың қазіргі формасы педагогтердің сұранысын толық қамтымайтынын, практикалық блоктардың үлесі өте төмен екенін атап өтті. А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті педагогика кафедрасының меңгерушісі Захлебаева Виктория мектем мұғалымдерімен ЖОО оқытушыларының арасын байланыстыру қажеттігін айтты. «ЖОО мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, мұғалімдерге арналған бағдарламаларды бірге жасау қажет. Себебі заман жаңарып білімнің форматы өзгерді. ЖОО-мектептегі білім беру үлгісінен хабардар болуы маңызды. Өз кезегінде мектептегі ұстаздар да жоғары білмнің жүйесін біліп сол бағыттқа қара ұмтылу болады»,-деді. Сапарұлы –Қаладағы жекеменшік білім беру орталығының жетекшісі Кенжебулатов Азаматта өз пікірін ортаға салып, біліктілікті арттыруда жекеменшік орталықтардың әлеуетін пайдалану мүмкіндігін және онлайн форматтардың артықшылығын атап өтті. Одан бөлек Қостанай қаласындағы «Дамыту» қоғамдық қорының жетекшісі Мирошникова Наталья да білім қызметкерлері кәсіподағының өкілі Нурланова Сауле де тұшымды ойларын ортаға тастады. Талқылау барысында мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары мен орталықтарын таңдау еркіндігінің шектеулі болуы, курстар мазмұнының педагогтердің нақты қажеттіліктеріне сай келмеуі, бағдарламалардың теорияға көп негізделіп, практикалық мазмұнының төмендігі, педагогикалық шеберлік орталықтарындағы орын тапшылығы, мұғалімдердің мотивациясының төмендігі және курстардан кей жағдайда педагогтар үшін ерекше нәтиже көре алмай қалатындығы сынды мәселелер төңірегінде де сөз қозғалды. Осылайша іс-шараде келесідей қорытындылар мен ұсыныстар жасалды:
- Педагогтерге кәсіби міндеттері мен пәндік ерекшелігіне сай курстарды өз бетінше таңдауға мүмкіндік беру;
- Біліктілік арттыру бағдарламаларын жаңартып, практикалық дағдыларға, заманауи педагогикалық технологиялар мен цифрлық құралдарды меңгеруге басымдық беру;
- Курстар форматын кеңейту – қашықтан оқыту, микромодульдер, тәжірибелік стажировкалар енгізу;
- Курстарды әзірлеуге мектеп мұғалімдерін, ЖОО оқытушыларын және ҮЕҰ-ды жұмылдыру;
- Педагогтер мен оқыту орталықтары арасында жүйелі кері байланыс орнату;
- Курстар сапасына тәуелсіз бағалау мен қоғамдық бақылау енгізу.
ЖСДП Ақмола облыстық филиалы бұл ұсыныстарды республикалық деңгейге жеткізуді, сондай-ақ еліміздің басқа өңірлерінде де осындай мазмұнды сараптамалық алаңдар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Жиын соңында қабылданған шешімдер мен ұсыныстар арнайы хаттамаға түсіріліп, мүдделі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға жолданатын болады. Сонымен қатар, құжаттар педагогикалық және сараптамалық қауымдастық үшін ашық түрде жарияланады.
І.Жанғали, ЖСДП Ақмола облыстық филиалының төрағасы