
12 маусым күні Өскемен қаласында «Меншік иелерінің бірлестігі МИБ: Қорытындылар, сын-қатерлер және келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны ШҚО филиалы ұйымдастырған Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының филиал белсенділері, МИБ мен ПИБ (КСК) төрағалары, басқарушы компаниялардың және мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты. Кездесу көпқабатты тұрғын үйлер тұрғындарының нақты мәселелерін ашық талқылап, шешу жолдарын бірлесе іздеуге арналған алаң болды. Соңғы бірнеше жылда Қазақстанда көпқабатты тұрғын үйлерді басқарудың жаңа түрі — Меншік иелері бірлестігі (МИБ) енгізілді. Бұл бұрынғы пәтер иелерінің кооперативі (ПИБ-КСК)-ны алмастыруы тиіс болатын. Алайда, МИБ құру барысында тұрғындар жиі кездесетін басты мәселе - МИБ төрағасын сайлаудың мүмкін еместігі. 2025 жылдың ортасына қарай Өскемендегі 1806 көпқабатты тұрғын үйдің тек 353-інде ғана МИБ құрылған, оның 12-сі қазірдің өзінде таратылған. Себебі – алғашқы төрағаның бір жылдан соң өз өкілеттігін ұзартудан бас тартуы, ал жаңасын сайлай алмағаны. Себебі ешкім бұл жауапкершілікті алғысы келмейді. Кездесу барысында барлық қатысушылар тұрғындарға басқару формасын таңдау еркіндігін беру қажеттігін атап өтті: КСК, ПКСК, сондай-ақ ЖШС және ЖК сияқты басқарушы компаниялармен келісімшарт жасау құқығы болуы керек. «Тұрғындардың басқару формасын таңдауға мүмкіндігі болғанда ғана сенім де, қатысуға ынта да артады»,- дейді Алла Викторовна Лошусова, «Восток-39» КСК төрайымы. МИБ төрағасы болудан тұрғындардың бас тартуының негізгі себебі — міндетті сертификаттаудан өту қажеттілігі. Қазіргі таңда сертификатты тек Алматыда өз қаражаты есебінен алуға болады. Сертификаттың өзі шамамен 40 000 теңге тұрады. Бұған қоса, жолақы, қонақүй мен тамақ шығындарын да қосу керек. Мұндай шығынды бәрі бірдей көтере алмайды. Қатысушылар бұл процесті әр облыс орталығында немесе онлайн-платформалар арқылы жүргізуді, ал құнын 1 АЕК-тен аспайтындай, тіпті тегін етуді ұсынды. Сондай-ақ, МИБ жұмысындағы тағы бірнеше өзекті мәселелер көтерілді. Соның бірі – МИБ жарнасы мен коммуналдық қызмет ақысын төлемейтін тұрғындар да бар. Кейбір тұрғындар ештеңе төлемей-ақ, барлық қызметті толық пайдаланып отыр,- дейді жиынға қатысушылар. Мұндай жағдайда МИБ-тың берешекті мәжбүрлеп өндіруге құқығы да, тетігі де жоқ. Сот арқылы өндіру үшін заңгер керек, ал көптеген МИБ-та ондай мүмкіндік жоқ. Қатысушылар МИБ -тің басқа да басқару түрлеріне борышкерлерге қызмет көрсетуді шектеу құқығын (мысалы, су немесе жарықты өшіру) беру керек деп санады. Бұл құқық заң жүзінде бекітілуі тиіс. Көпқабатты үйлердің көбінде түрлі коммерциялық нысандар орналасқан (дүкендер, дәріханалар, шаштараздар т.б.). Көп жағдайда олар қоқыс шығару қызметіне келісімшарт жасамайды, бірақ тұрғындарға арналған контейнерлерді пайдалана береді. Бұл — өндірістік қалдықтар тұрғындардың есебінен шығарылып жатқаны анық. Сондықтан мұндай нысандарға санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары тарапынан нақты бақылау қажет. Егер олар қоқыс шығару қызметін келісімсіз пайдаланса, СЭҚ олардың қызметін уақытша тоқтата алуы керек. Қазақстан көшесі, 70 үйдің МИБ өкілі, Галина Викторовна Ефремова, «МИБ – өте қажет бастама, бірақ қазіргі таңда ол толыққанды жұмыс істеу үшін қажетті қолдаудан да, заңнамалық тұрғыдан да қауқарсыз»,-дейді. Тұрғындардың МИБ құруға құлықсыз болуының тағы бір себебі – салық салу мәселесі болып отыр. МИБ – коммерциялық емес құрылымдар. Олар бизнес жасамайды және табыс табу мақсатында жұмыс істемейді. Бұл құрылымдар тек тұрғындардан жиналатын жарна есебінен қызмет көрсетеді. Алайда, қазіргі заңнамада олар шағын бизнес субъектілерімен бірдей талаптарға бағынады – салық төлейді, есеп тапсырады. Бұл – әділетсіз. Себебі тұрғындар өз табыстарынан барлық салықтарды төлеп қойған. Ал МИБ есебіндегі қаражат тек үйдің қажеттілігіне бағытталады. Қатысушылар бұл құрылымдарды салық пен бюджеттік төлемдерден, соның ішінде МӘМС жарналарынан босатуды ұсынады. Бұл үшін арнайы есеп беру формасын әзірлеу қажет. «Көпқабатты үйлерді басқаруды дамыту үшін заңнамалық негіз қажет. Бизнестің де, тұрғындардың да нақты ережелерге сүйенуі маңызды»,- дейді ЖШС директоры, Ленин көшесі 50- үйдің тұрғыны. Ольга Юрьевна.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша, ШҚО филиалы ЖСДП фракциясының Мәжіліс депутаттарына тиісті ұсыныстар жолдайтынын айтты. Партия азаматтардың өмір сапасын арттыруға және тұрғын үй саласындағы өзін-өзі басқару тетіктерін жетілдіруге бағытталған бастамаларды алдағы уақытта да қолдай береді.
ШҚО ЖСДП филиалы