«Радиациялық ластанған аумақтарды оңалту жұмысын қолға алу керек» - депутат Нұрлан Әуесбаев

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ЖСДП фракциясының депутаты Нұрлан Әуесбаев Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Ә.А. Смайыловтың атына сауал жолдады.

Депутаттың айтуынша, бүгінде полигон қызметінен зардап шеккен тұрғындардың бәрін мемлекеттік әлеуметтік-медициналық көмекпен толық қамту жұмысы көңіл көншітпей отыр.

«Биыл Семей полигонының жабылғанына 32 жыл толады. 40 жыл ішінде онда 468 ядролық сынақ өтті. Алайда, өкінішке қарай, еліміздің аумағында тұратын полигон қызметінің нәтижесінен зардап шеккендердің саны туралы нақты деректер әлі жоқ. Әр түрлі ақпараттар бойынша олардың қатары – 1,5 миллионнан астам. Полигонға жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындары әлі де радиациядан туындаған аурулардан зардап шегуде, сәулеленудің салдары олардың ұрпақтарына әсер етіп отыр. Мысалы, Жапонияда ядролық бомбалардан зардап шеккендерге ай сайын денсаулығын күту үшін берілетін төлемдердің мөлшері 1000 доллардан асады», - деді Нұрлан Әуесбаев.

Оның сөзінше, Қазақстан заңнамасына сәйкес зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақы төленеді, оның мөлшері аймаққа байланысты жеке айқындалады және 1949-1965 жылдар аралығында тұрған әрбір жылы үшін көп дегенде 18 мың теңге (5,23 АЕК) төленеді. Радиациялық тәуекел аумақтарда тұратын халықтың қосымша еңбекақыға және жыл сайынғы қосымша ақылы демалысқа құқығы бар. Бұл ретте, аталған жеңілдіктер тек Семей өңірінде ғана қолданылады.

Сондықтан депутат өңір тұрғындары үшін әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру, ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды жеке-дара есепке алу, олардың санаттарын айқындау өлшемшарттарын қайта қарау мәселелерін қолға алу керектігіне назар аударды. Радиациялық ластанған аумақтарды оңалту бойынша тиісті жұмыстар атқару маңызды екенін айтты.

Себебі 2017-2019 жылдар аралығында Үкімет полигон қызметі салдарынан зардап шеккен халықты медициналық-әлеуметтік қорғау қағидатын іске асыру үшін зерттеу жүргізгенімен, оның нәтижесі жай ғана ұсыныс деңгейінде ғана қалып қойған.

ЖСДП Баспасөз қызметі

Смотрите также:
Депутатские запросы
19.06.2024
ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС А.САГАНДЫКОВОЙ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРУ РК БЕКТЕНОВУ О.А.
12.06.2024
Сайлаубай Н. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлына депутаттық сауал
29.05.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-Министру Республики Казахстан Бектенову О.А.
22.05.2024
Су айдындарында браконьерлікке қарсы күрестің проблемалық мәселелеріне қатысты өзінің депутаттық сауал
22.05.2024
Депутатский запрос касательно проблемных вопросов борьбы с браконьерством на водоемах
15.05.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Заместителю Премьер-Министра Республики Казахстан Дуйсеновой Тамаре
02.05.2024
Н.Сайлаубайдың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ауыл шаруашылығы техникасы бағасының өсуіне қатысты жолдаған депутаттық сауал
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы