Жаңалықтар

Поделиться

Коронавирус пандемиясы бүкіл әлем мемлекеттерінің оған қарсы іс-қимылын, әрекеттерін және халықтардың қандай жағдайда екенін көрсетіп берді. Қазақстан билігі Төтенше жағдай одан кейін карантин жариялағанда ЖСДП партиясы "Биліктің бұл шешімдерін толықтай түсінеміз" - деп мәлімдеді. Қазақ халқы тәртіп сақтап, тып-тыныш отырды. Осындай жағдайда заң шығарушы билік "Денсаулық сақтау және денсаулықсақтау жүйесі туралы" жаңа Кодекс жобасын қабылдамақ болды. Дүниежүзілік денсаулықсақтау ұйымының жасағалы жатқан былықтары да аян болды.

Міндетті вакцинация деген мәселенің бір ұшы сол ұйымнан шығып отырғанын, ол ұйымның тура мағынасындағы қылмыстарға барғанын ЖСДП Саяси кеңес мүшесі, партия төрағасының орынбасары Айдар Алибаев әшкерелеп, оны әлеуметтік желілерде жарияладық. Таралымы мен көрермені, жазылған пікірлер мен басылған лайктері бойынша бұл дүниелер суырылып алға шықты.

Халықтың міндетті вакцинацияға байланысты көңіл-күйінің температурасын бағамдай отыра 4 маусым күні елдің ішінен шыққан азаматтық белсенділер, олардың ішінде танымал әнші, продюссер Шоқан Маратұлы да бар, сондай-ақ денсаулықсақтау саласына жауапты билік өкілдерін арнайы шақыртып "Міндетті вакцинация - қарсымын немесе қолдаймын тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырған ЖСДП Астаналық филиалы іс-шара барысын әлеуметтік желілерден тікелей эфирден таратқан болатын.

Осындай маңызды тақырыптың анонсы жарияланғанымен Азаттық радиосынан басқа БАҚ өкілдерінен ешкім келмеді. Оның өзі осы шараға байланысты бір ауыз сөз жазуға жарамады. Жорналшыларда жазық жоқ, кім ақша төлесе соның айтқанын істейді, амал нешік.

Іс-шара нәтижесінде дөңгелек үстелге қатысушылар "Міндетті вакцинацияға қарсымыз" деп резолюция қабылдап, ізін суытпастан 5 маусым күні күні ЖСДП Астаналық филиалының төрағасы Нұрым Нұрлыбеков ҚР Парламенті Сенатына тапсырды. Сенатқа тапсыру себебі, міндетті вакцинация жасалу керек деген заң Мәжілісте мақұлданып, Сенатқа жөнелтілген болатын.

"Темірді қызған кезде соқ" - дегендей қоғамның белсенді топтарының барлығымен тізе қоса қимылдаған ЖСДП ауыз толтырып айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. Сенат жаңа Кодекстен "Міндетті вакцинация" дегенді алып тастады, енді вакцинация жасайтын, жасамайтынын баланың ата-анасы шешетін болды.Егер жұрттың бәрі үндемей отырса, міндетті вакцинация дегенге көнсе, шетелдің алаяқтары (ДДҰ) мен біздің алаяқтар қосылып ойларына келгенін істеуші еді. Бұл ортақ жеңісіміз!

ЖСДП Астаналық филиалының баспасөз хатшысы Азамат Хайсин 

Астаналық филиал

site Нұр-Сұлтан қ., Шевченко к-сі 10/1, 203-кеңсе

site+7 701 653-24-37

siteastana@osdp.kz


Аймақтардағы филиалдар

Байланыс

Нұр-Сұлтан қ-сы, Т. Шевченко көшесі 10/1, 203-кеңсе

Жаңалықтармен таныс
болыңыз

Сделано в IMA - создание и продвижение сайтов