Жаңалықтар

Поделиться

 

Ақмола облысы Шортанды ауданының тұрғындары мемлекет тарапынан берілген жерлерінен айырылып қалуына байланысты ЖСДП партиясына көмекке жүгінді. ЖСДП Саяси кеңесінің мүшесі Мақсұт Насибулов жергілікті халықпен кездесіп, мәселені анықтады.

Астанамыздан 40 шақырым жерде орналасқан Боғайыр ауылдық округіне 1996 жылы қоныстанған қандастардың 90 отбасысына, жергілікті халықпен бірдей мемлекеттен 30 гектардан жер үлестері берілген болатын. Алған жерлерін қожалықтарға жалға беріп, малға шөп-жемін емін еркін алып отырған. Бірақ, жағдай 2004 жылы "Жер кодексінің" кезекті толықтыруларынан кейін өзгерді. Заңдағы өзгерістер үлескерлердің серіктестіктер мен қожалықтар құрып немесе басқа заңды тұлғаның құрамына кіруден басқа таңдау бермеді.

Серіктестік құру екінін қолынан келе бермейді, бәрі қаржылық жағдайға әкеп соққандықтан ауыл болып, "Төңкеріс" ЖШС құрамына жер үлестерімен кіріп "қатысушы" болды. Аталмыш серіктестік жерді өз бетімен иеленіп, жер иелерін ЖСШ-нің маңайына жолатпай, заңға қайшы саясатын жүргізді.

Үлескерлердің айтуы бойынша "Төңкеріс" басшылығы үлестермен бірге "Нұр Астық" атты алып серіктестіктің құрамына кіріп, халықтың жерін "Нұр банкіне" кепілдікке қойып 6 миллиард теңге қаражат алыпты. Бұл құйтырқы әрекеттерді естіген халық аң-таң болып жеріне іздеу салды. Не "Төңкеріс" ЖШС, не "Нұр Астық" ЖШС, не жергілікті билік те нақты жауап бере алмай отыр.

Бұндай мәселе Қазақстанның барлық ауылдарында орын алып отыр. Қадағалайтын жергілікті биліктің салғырттығы мен құзіретті органдардың заңға деген немқұрайлылығы үлкен мәселе тудырып отырғанын бәріміз көріп отырмыз. Сондықтан да, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы аталмыш жағдайды өз қадағалауына алып, жер үлескерлердің құқығын қорғайтынын мәлімдедейді.

Мақсұт Насибулов, ЖСДП Саяси кеңесінің мүшесі 

Астаналық филиал

site Астана қ., Шевченко к-сі 10/1, 203-кеңсе

site+7 701 653-24-37

siteastana@osdp.kz


Аймақтардағы филиалдар

Байланыс

Астана қ-сы, Т. Шевченко көшесі 10/1, 203-кеңсе

Жаңалықтармен таныс
болыңыздар

Сделано в IMA - создание и продвижение сайтов