Жаңалықтар

Поделиться

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының кезектен тыс XIX Съезін өткізу туралы

Үстіміздегі жылдың 21 қыркүйегінде, 2022 жылғы 20 қарашаға белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы жарияланды. Бұл сайлау Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес өтеді. Жуырда өтетін Президент сайлауы одан кейінгі Парламент сайлауына да айтарлықтай әсер ететін болады. Өйткені, сайлаулар нәтижелі өтсе, мемлекет пен қоғам дамуындағы демократиялық принциптерді дамытуға үлес қосары анық.

Айтулы мәселе ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Саяси кеңесі отырысында талқыланды. Партияға ҚР Президенттігіне қандай да бір кандидаттарды ұсыну бойынша ұсыныстар келіп түсуде. Осыған орай кеңесте сайлау науқанына қатысты түрлі пікір-көзқарастар мен ұйғарымдар айтылды. Айтылған ұсыныстар соңында ЖСДП-ның кезектен тыс XIX Съезін өткізу туралы шешім қабылданды.

Саяси кеңес – партияның XIX кезектен тыс Съезің 2022 жылдың 1-ші қазанында өткізу туралы шешім қабылдады.

БАҚ өкілдері, блогерлер, белсенді азаматтар үшін: Іс-шара Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 8 мекен-жайында орналасқан «Рамада» қонақ үйінің конференц-залында өтеді.

Басталуы: сағат 11:00-де

Келушілерді тіркеу: сағат 10:30-да басталады.

ЖСДП Баспасөз қызметі. 

Астаналық филиал

site Астана қ., Шевченко к-сі 10/1, 203-кеңсе

site+7 701 653-24-37

siteastana@osdp.kz


Аймақтардағы филиалдар

Байланыс

Астана қ-сы, Т. Шевченко көшесі 10/1, 203-кеңсе

Жаңалықтармен таныс
болыңыздар

Сделано в IMA - создание и продвижение сайтов