Жаңалықтар

Поделиться

Әуесбаев Нұрлан, ЖСДП-дан Президенттікке кандидат

Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы ЖСДП атынан Президенттік сайлауға түсіп жатқан лайықты кандидат. Бұлай деуіміздің өз себебі бар. Нұрлан Әуесбаевтың өмір жолына шолып шықсаңыз, мұндай азаматтың ел басқаруға хақысы бар екенін білесіз. Еңбек жолын механиктен бастап, ел басқарып халық ұсынған әкім болды, бірнеше министрліктерде лауазымды қызметтер атқарды. 19 жасынан партия жұмысымен айналысып бастаған Нұрлан Сатыбалдұлы өзінің саналы ғұмырын қоғамдық жұмысқа арнаған адам. Тіл жанашыры, ауыл халқының тұрмыс-тіршілігін жақсарту үшін жасаған еңбегі орасан. Өзін-өзі басқару идеясы Нұрлан Сатыбалдыұлына тиесілі екенін айтып кеткен жөн. Бүгінде жергілікті жерлерде өзін-өзі басқару идеясы өміршеңді. Ауыл әкімдерінің сайлауы, ауыл бюджетінің дербестігі сияқты өзгерістер кезіндегі Нұрлан Әуесбаевтың идеясымен сабақтасып жатыр. Президенттіке үміткер Әуесбаев жергілікті жердегі халық сол аймақтың дамуына билікпен бірге тікелей ат салысуы керек деп санайды. «Яғни халық әкімін өзі сайлап, бюджетін өзі бақылауы тиіс. Сонау 90-ы жылдардың басында жүзеге асырып бастаған идеям, қазір қайта жандана бастағаны көңіл қуантады» - дейді Нұрлан Сатыбалдыұлы.

Нұрлан Сатыбалдыұлы 1957 жылы 17 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы), Бәйдібек ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келген. Көпбалалы отбасында тәрбие көрген. 9 баланың ортаншысы. Әкесі Сатыбалды қаржыгер қызметін атқарған. Анасы бала тәрбиесімен айналысқан. Қарапайым отбасында өткен Нұрлан Сатыбалдыұлы бала күнінен еңбекқор, білім құмар болып өсті. Мектептен соң Ванновка гидромелиоративтік техникумының «техник-механик» мамандығына оқуға түседі. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлкеттік университетінің «инженер-экономист» мамандығын тәмәмдап, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының «құқықтану» мамандығын игерді.

Президенттікке кандидат өзінің еңбек жолын 1973-1976 жылдары Шымкент қаласындағы «Казсантехмонтаж» трестінде слесарь болып бастап, 1976-1978 жылдары Совет Армиясы қатарында Саратов қаласында қызмет етеді.

1979 жылы Алғабас аудандық «Казсельхозтехника» мекемесінде механик қызметін атқара жүріп жастар саясатына белсене араласып, қоғамдық жұмыстарды бірге атқарады. Комсомол Комитетінің жетекшісі болды.

1981-1982 жылдары Бәйдібек ауданы, Жамбыл атындағы Кеңшардың Комсомол Комитетінің секретарі қызметін де атқарды. 1982 жылы Шымкент қаласындағы Қорғасын зауытының балқыту цехында механик жұмысымен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, заводта бастауыш «Қазақ тілі» Қоғамдық бірлестігін құрады. Нұрлан Сатыбалдыұлының тіл жанашыры ретіндегі алғашқы жұмысы осы жерден бастау алады. Сол жылдары аудан, қала, республика көлеміндегі ірі қозғалыстарға белсене қатысып, Қазақстанның тәуелсізігін алуына, зайырлы, демократиялық мемлекет болуы бағытында барлық күш-жігерін жұмсайды. 1990 жылы Шымкент қаласының Абай аудандық «Қазақ тілі» қоғамының мекемесін құрып, оның төрағасы болып сайланады. Ел егемендік алып жатқан сәтте Нұрлан Сатыбалдыұлы бастаған жастар мемлекеттік тілді дамытуды бірден қолға алады. Сол кездегі қазақ тілін дамыту жұмыстары осы уақытқа дейні жалғасқанда қазақстандықтардың 70 пайызы тек мемлекеттік тілді қолданатын еді. Себебі, Тәуелсіздік алған жылдары қоғам ана тіліне бет бұра бастаған еді. Тіпті мемлекеттік органдардың өзі мемлекеттік тілдің аясын кеңейтуге етене араласа бастайды. Тіпті өзге ұлт өкілдері де құлнысы білдірді. Алайда, тілді дамытуға екі қолын сыбана кіріскен «Қазақ тілі» қоғамының жұмысын ғалымдар атқаруы керек деген шешім шығарылып, бұл шаруа тіл мамандарының қолына өтеді. Өкінішке орай Нұрлан Сатыбалдыұлы бастаған тіл жанашырларының еңбегі сол қарқыннан айрылып, қазақ тілінің 30 жылда тиісті деңгейге жете алмай жатқанын көріп отырмыз.

Еліміздің қайта құру қарқынды жүріп жатқан 90-жылдары Нұрлан Әуесбаев «Тұрғын үй» бағдарламасымен қала тұрғындарына берілген жер телімдерінің қолайсыз жерден беріліп жатқанын ашық айтып, Инфрақұрылымы жоқ «Қазығұрт» мөлтек ауданында және сол аймақтағы елді-мекендердің коммуналдық, құрылыс, әлеуметтік мәселелерін көтеріп және оны шешу үшін халықты ұйымдастырып, жергілікті өзін-өзі басқару ұйымын құрады. Бұл кеңес одағының тарқауы алдындағы ауыр кезеңдер еді. Алған бетінен қайтпайтын Нұрлан Сатыбалдыұлы бюджеттен бір тиын сұрамай, елім деген азаматтардың көмегімен аймаққа су өткізіп, жол салды.

1991 жылы Нұрлан Сатыбалдыұлының ұсынысымен Наурыз поселкілік Кеңесі құрылып, құрамына Қазығұрт, К.Маркс, Құрсай елді-мекендері кіреді. Оның төрағасы болып халықтың ұсынысмен Нұрлан Әуесбаев сайланады. Бұл кенттің Наурыз деп аталуын Нұрлан Сатыбалдыұлы сол кезде қайта жаңғырған «Наурыз» мерекесінің оралуымен байланыстырады. Өзіңіз аңғарғандай Президенттік додаға қатысып жатқан кандидатымыз ел басқару ісіне әбден қанық адам. Ұлттық мүдде ол үшін басты мәселе болып табылады. 90-шы жылдардың басында ел басқарды. Халықтық қозғалысты аудан, қала басшылары қолдап, қарқынды құрылыс бастап, жол, су, электр, газ жүргізіле бастайды. Дәл осы кезде Нұрлан Әуесбаев өзін-өзі басқару идеясын жүзеге асырады. Бүгінгі таңда бұл аймақ үлкен қаланың толыққанды дамыған аймақтарына айналды.

2002 жылдан қала әкімінің экономика және кәсіпкерліті қолдау басқармасының орынбасары, сол жылдың наурыз айынан бастап Қызылжар ауылының әкімі болып тағайындалады. 2003 жылы Шымкент қаласының ішкі саясат және жастармен жұмыс жүргізу басқармасының басшысы болып тағайындалады.

2003 жылдың қыркүйек айынан Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Астана қаласы бойынша ақпарат басқармасының «Талдау және тілдер саясаты бөлімінің» басшысы болып тағайындалады. Ал 2004 жылдан бастап, «ұйымдастыру жұмыстары және әлеуметтік технологиялар бөлімінің» басшы болып қызметін жалғастырады. Одан кейін, 2005 жылы Ауылшаруашылығы министрлігі «РГКП шаруашылық басқармасы» мекемесінің автошаруашылығының басшысы болады.

2009 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысып, қоғамдық жұмыстарға етене араласады. Осылайша 2017 жылға дейін Қазақстан Коммунистік партиясының Астана қаласы филиалының бірінші хатшысы қызметін атқарады. Саяси салмағы бар марқұм Серікболсын Әбділдиннің басшылығымен саясатқа да араласты. Коммунистік партия жабылған соң, саяси көзқарасы ұқсас ЖСДП партиясына мүше болды.

ЖСДП төрағасы А. Рахимжанов және Президенттікке үміткер Н.Әуесбаев

2020 жылы Жалпыұлттық социал-демократиялық партия қатарына қосылып, 2021 жылдан қазіргі таңға дейін Астана қалалық филиалының төрағасы қызметін атқаруда. Аз уақыт ішінде партияластарының арасында өзінің беделін көрсете білді.

ЖСДП-ның 19-шы кезектен тыс Съезі. Астана, 1 қазан 2022 ж.

2022 жылдың 1 қазанында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының кезектен тыс 19-шы Съезінде партия атынан Презинденттіке үміткерлер тізімі аз болмады. Олардың арасында елге танымал азаматтар болғанымен, партия Нұрлан Сатыбалдыұлының елдің дамуына қосқан ерен еңбегін ескеріп, Президенттікке үміткерге лайықты деп тапты. Осылайша Нұрлан Әуесбаев бір ауыздан ЖСДП атынан Президенттік сайлауға түсетін болды.

ЖСДП-ның 19-шы кезектен тыс Съезінің делегаттары

Нұрлан Сатыбалдыұлы бұл додада өзге кандидаттардың арасында тәжірибесі мол, білімді, қарапайым, кемеңгер, отанын шексіз сүйетін халқының ұлы ретінде ерекшеленеді. Ана сүтімен дарыған адами асыл қасиеттері оны ірі тұлға ретінде қалыптастырады.

ЖСДП Баспасөз қызметі 

Астаналық филиал

site Астана қ., Шевченко к-сі 10/1, 203-кеңсе

site+7 701 653-24-37

siteastana@osdp.kz


Аймақтардағы филиалдар

Байланыс

Астана қ-сы, Т. Шевченко көшесі 10/1, 203-кеңсе

Жаңалықтармен таныс
болыңыздар

Сделано в IMA - создание и продвижение сайтов