Лудомания кейбір отбасыларды сарсаңға салып отыр

Елімізде қаржылық сауаттылықтың төмендігінен жастардың арасында лудомания дертіне шалдыққандар бар. Ол бүгінгі қоғамда ауру екенін мойындамасқа болмайды. Құмар ойынның оңай жолмен ақша тауып, адамды қызықтыратын бір тұсы бар. Бай болудың ең оңай жолы іспетті. Елімізде орта есеппен 350 мың адам құмар ойынның құрбанына айналса, олардың орташа қарызы 10 млн теңгеден асады. Құмар ойынды ұйымдастыратын, мүлік тігу бойынша көрсетілетін қызмет ауқымы 138,8 млрд теңгені құрайды деген мәлімет бар.

Лудомания мәселесінің алдын алу мақсатында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Абай облыстық филиалының белсенділері біліктілік деңгейі жоғары санатты дәрігер-психотерапевт Махач Владимир Викторвичпен кездесу өткізді.

Владимир Махачтың айтуынша, букмекерлік кеңселер тіпті қазақтың ат спортын да енгізіп қойған. Компьютерге қызығушылықпен жайғасқан жастар спорттың қай түрін болмасын жете меңгеріп, алдағы күндерде қайсысының асығы алшысынан түсетінін болжай алатынына мәз. Басында жете мән бермегенімен, уақыт өте келе ойынға әбден тәуелді болғанын білмейді. Құныққан үстіне құнығады. Сөйтіп, лудомания өзінің тұңғиығына тартып әкете береді.

«Дәніккеннен құныққан жаман» дегендей, бүгінгі таңда өмірлік тәжірибесі шамалы дерлік жастар арасында лудомания белең алуы жақсылықтың нышаны емес. Мұның өзі қоғамда алаңдаушылық туғызып отыр. Күн сайын әр жерде қылаң беретін букмекерлік кеңселер оған дәлел.

Құныққандар бәс тігіп, бар жиған-тергенінен айырылғаны өз алдына, баспанасын да салып жіберетіндер жоқ емес. Жаңа отбасын құрып, үйлі болып, сәби сүюдің өзі кімді болмасын жауапкершілікке жетелейді. Ер адам өзін әке ретінде сезініп, отбасының жүгін мойнына алатыны анық. Алайда құмар ойынға деген ессіз құмарлық талай шаңырақтың шайқалуына әкеп соғуда.

«Періште алтынды көріп, жолдан тайыпты» демекші, оңай олжаға қарық болам деп алданған жастар жауапкершілікті сезінуден қалады. Содан соң үйінде жанжал туындап, оның аяғы ерлі-зайыптылар жолының екіге айырылуына әкеп соғып жатқаны да таңсық емес. Бұл ретте қарт ата-ананың да баласына сөзі өтпей, дәрменсіздік танытады.

Қорыта айтқанда, соңғы жылдары елімізде құмар ойынға тәуелділік белең алып барады. Кейбір отбасылар үшін бұл үлкен қасіретке айналды. Лудомания індетіне қарсы күресте тәрбие ісі мен түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берілуі тиіс. Өмірге азық боларлықтай білім алып, ой-өрісті дамытатын кезде теріс жолға бұратын арзан тірліктің жолын кес-кестеу – заман талабы.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Абай облыстық филиалы

Смотрите также:
Депутатские запросы
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы
13.03.2024
Біздің депутаттық сауал Премьер-Министр О.А.Бектеновке
13.03.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-министру О.А.Бектенову
31.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал
31.01.2024
Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Министру просвещения РК Гани Бейсембаеву
24.01.2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Р. СКЛЯРҒА ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
17.01.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Министру труда и социальной защиты населения РК Жакуповой С. К.
27.12.2023
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Министру здравоохранения. Министру труда и социальной защиты