Еліміз осы кезеңде үлкен сын сағаты алдында тұр. Ұзақ жылдар бойы қоғамда орын алып келген авторитарлы диктатура жаппай жемқорлыққа ұласып кетті. Мемлекеттің ресурстары мен игіліктері ел азаматтары арасында әділетті бөлінуі қамтамасыз етілмеді.
Кеше Ресей Федерациясы біздің халқымызға достық және бауырлас Украинаға қарсы "арнайы әскери операциясын" бастады. Бұл нағыз соғыс. Украинаның бейбіт қалаларын атқылап, бомбалап басып алып, адамдарға тек уайым мен қайғы әкелуде.