Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы

Біздің депутаттық сауалымыз Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Бисимбайұлы Шарлапаевқа жолданады

Биылғы көктем бүкіл Ел үшін үлкен қиындықтар алып келгені баршаңызға мәлім. Әлі күнге дейін судың деңгейі әр өңірде әртүрлі. Халық абдырап, абыр-сабыр болып жатқанда басқа нәрсемен айналысып, бас қатыратын хәлде емес.

Президент қазіргі қиын жағдайда, биылғы 13-14 маусымда жоспарланған Астана халықаралық форумын кейінге шегерді.

Осы орайда, менің айтпағым «Отбасы банкі» арқылы 1 мамырдан бастау алатын «Наурыз» ипотекалық бағдарламасын өңірлердегі төтенше жағдай тұрақталғанша кейінге шегеру қажет. Кем дегенде, 1 маусымнан бастау алу керек.

Себебі құжатынан айырылған азаматтарға бұл бағдарламаға қатысу қиындық туғызуы мүмкін және болашақта су басқан ауыл, аудан, қала тұрғындары өз тұрғылықты жерінен көшкісі келсе немесе басқа елді мекендерден тұрғын үй алғысы келсе, арнайы квота ретінде төмен пайызбен ипотека рәсімдеуге рұқсат берулеріңізді талап етеміз.

Елде түрлі ипотекалық бағдарламалар бар, БІРАҚ – оған қойылған талаптарды орындай алмай, түрлі себептермен үй ала алмай жүрген табысы аз азаматтар өте көп. Мысалға, жалақының жетпеуі және алғашқы жананы жинай алмауы. Сондықтан жаңа ипоткалық бағдарламаға бөлінген 300 мил теңгеніңде игерілмей қалуының қауіпі бар. Төлемақы қабілеттерін растау қиындық туғызуда. Ол үшін бір отбасында жоғары жалақы болуы қажет. Үй аламын деп, ниеттенген азаматтардың жартысынан көбі, өкінішке орай, жоғары жалақыда емес.

Болашақта түрлі бағдарламаларды шығару кезінде, министрлік, халықпен санасуларыңыз қажет. Ол үшін түрлі эксперттер, экономистер мен тұрғын үй саласында жұмыс істеп жүрген мамандарды және депутаттарды да қосуларыңызды сұраймыз.

Осы ұсыныстар мен талаптар ескеріледі деген сенімдеміз.

Құрметпен, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясы атынан.

Смотрите также:
Депутатские запросы
29.01.2025
Депутаттық сауал, Қазақстан Республикасының Премьер-министрдің орынбасары Дүйсенова Тамара Босымбекқызына жолдаймыз
15.01.2025
Депутатксий запрос Премьер-министру РК Бектенову О.А.
18.12.2024
Депутатский запрос Премьер-министру РК Бектенову О.А., министру экологии и природных ресурсов РК Нысанбаеву Е. Н.
27.11.2024
Депутатский запрос премьер-министру РК, КНБ, АРРФР, НБ, МЦРИАП, МВД
06.11.2024
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі О.А. Бектеновке
23.10.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Министру здравоохранения Министру труда и социальной защиты населения РК
16.10.2024
Депутатский запрос первому вице-премьер-министру Республики Казахстан Роману Васильевичу Скляру.
16.10.2024
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Васильевич Склярға депутаттық сауал
09.10.2024
Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне депутаттық сауал