2023 жылдың 6 ақпанында сағат 12:00-де Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына қатысу үшін жалпыұлттық округ бойынша партиялық тізімін ұсынды. Тиісті құжаттар Орталық сайлау комиссиясына тапсырылды.
2 ақпанда Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) ⅩⅩ кезектен тыс съезі барысында партиялық тізім бойынша ұсынылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына әйелдер, жастар және мүмкіндігі шектеулі жандар өкілдерінің квотасы сақталып, 19 кандидат бекітілді.
ЖСДП Баспасөз қызмет