ЖСДП съезі өтті

2023 жылдың 2 ақпанында Астана қаласында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) ⅩⅩ кезектен тыс съезі өтті.

Партия съезінің жұмысына Қазақстанның барлық аймақтарынан келген 46 делегат қатысты.

ЖСДП-ның жоғарғы басшы органы ағымдағы сайлау науқанына қатысуға шешім қабылдады.

Съезд жауапты тұлғаларға сайлауалды бағдарламасын дайындауды тапсырды.

Партиялық тізім бойынша ұсынылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына әйелдер, жастар және мүмкіндігі шектеулі жандар өкілдерінің квотасын сақтап, 19 кандидатты бекітілді.

Оған қоса, бірмандатты аймақтық округтер бойынша кандидаттардың ұсынылуы қарастырылды.

Мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну филиал конференцияларында шешілетін болады.

ЖСДП Баспасөз қызметі

Смотрите также: