Астана халықаралық форумын ұйымдастыруға бөлінетін 1 млрд 440 млн теңге өзін ақтай ма? – депутат Наурыз Сайлаубай

Парламент Мәжілісінің депутаты Наурыз Сайлаубай Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровқа осындай сұрақпен қайырылды.

«2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында Астана халықаралық форумын ұйымдастыру үшін «QazExpoCongress» ұлттық компаниясына 1 млрд 440 млн теңге бөлу көзделген. Осы сомманы ескере отырып, бірқатар сұрақтарым бар. Біріншіден, біздің ел осы форумды өткізуден қандай экономикалық пайда көреді? Екіншіден, «Kaz CENTR» ұлттық көрме орталығының (ЭКСПО ҚазОрталығы) коммерциялық тиімділігі қандай және коммерцияландыру шеңберінде ол өзін-өзі қаншалықты ақтайды? Үшіншіден, іс-шараларды ұйымдастыру кезінде «QazExpoCongress» үшін қандай көрсеткіштер басымдыққа ие: пиар ма, ауқымдылығы ма, я болмаса коммерциялық құрауыштары ма?», – деді депутат.

Сұраққа жауап берген министрі Әлібек Қуантыровтың сөзінше, Астана халықаралық форумы оң нәтиже көрсетіп отыр екен.

«Біріншіден, форум аясында инвестициялық ынтымақтастық орнайды. Бұл алаң өте тартымды орынға айналып келеді. Себебі елімізге АҚШ-тан, Еуропадан және Азиядан ірі компаниялар келіп жатыр. Мысалы, биыл да өткен форумға АҚШ-тан 20 компаниядан тұратын ірі бизнес делегация келді. Екіншіден, жаһандық мәселелерді талқылауға әрі шешуге мүмкіндік туғызады. Мысалы, кедейлікпен күресу, сауда-саттық және басқа да мәселелер осы форумының шеңберінде ашық түрде талқыланып жатыр. Үшіншіден, шағын және орта бизнесті дамытуға тікелей және жанама әсері бар. Бөлінген осы қаражат тікелей «QazExpoCongress» компаниясына кетеді. Ол байқау рәсімдерін өткізіп, өзге компанияларды жұмылдырып жатыр.

Төртіншіден, Қазақстанды шетелде көрсетуге көмектеседі. Яғни, форумды ұйымдастыру барысында елімізге тиісті халықаралық БАҚ-ты шақырып жатырмыз, оның ішінде CNN, BBC, т.б. бар. Бесіншіден, ғалымдар, бизнесмендер, мемлекеттік өкілдер тәжірибе алмасады. Ал «QazExpoCongress» компаниясына келсек, ол кезінде ЭКСПО-2017 көрмесін өткізген болатын. Бұл компанияның негізгі бағыты – сондай көрмелерді және халықаралық деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыру.

Биылдан бастап аталған компания өзін-өзі қамтамасыз ететін болады, енді бюджеттен субсидия алынбайды. Ал форумға бөлінетін 1 млрд 440 млн теңгеге қатысты айтар болсақ, бұл сома 2019 жылдан бері өзгермеген», - дейді министр.

Смотрите также:
Депутатские запросы
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы
13.03.2024
Біздің депутаттық сауал Премьер-Министр О.А.Бектеновке
13.03.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-министру О.А.Бектенову
31.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал
31.01.2024
Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Министру просвещения РК Гани Бейсембаеву
24.01.2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Р. СКЛЯРҒА ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
17.01.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Министру труда и социальной защиты населения РК Жакуповой С. К.
27.12.2023
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Министру здравоохранения. Министру труда и социальной защиты